1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№ 13 баспасөз релизі. Қаржы нарығындағы ахуал туралы

Жыл басынан бері инфляция 1,3% (2018 жылғы қаңтар-наурызда – 1,8%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасы 1,4%-ға төмендеді.

Жылдық инфляция 4,8% деңгейде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 6,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,0%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны 1,2%-ға дейін баяулады.

2019 жылғы наурызда халықтың инфляциялық күтулері нақты инфляцияның баяулауы аясында төмендеді. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 4,5% болды.

2. 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2019 жылғы наурызда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 27,0 млрд АҚШ долларына дейін 7,2%-ға немесе 2,1 млрд АҚШ долларына (жыл басынан бері – 12,6%-ға немесе 3,9 млрд АҚШ долларына төмендеу) төмендеді.

Банктердің және басқа ұйымдардың Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтардың төмендеуі, сондай-ақ Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету жөніндегі операциялар Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен аздап өтелді.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (59,0 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2019 жылғы наурыздың соңында 86,0 млрд АҚШ доллары болды.

Ақша базасы 2019 жылғы наурызда 4,2%-ға тарылды және 6 248,4 млрд теңге (жыл басынан бері тарылу 6,1%) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 087,5 млрд. теңгеге дейін (15,1%-ға тарылу) 13,4%-ға тарылды.

2019 жылғы наурызда ақша массасы, алдын ала деректер бойынша, 1,6%-ға төмендеп, 19 401,1 млрд теңге (жыл басынан бері төмендеу 6,8%) болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 193,2 млрд теңгеге 2,7%-ға (3,0%-ға төмендеу) ұлғайды.

  1. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы1 2019 жылғы наурызда көбіне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің пайыздық дәлізінің төменгі шегі деңгейінде қалыптасты. Наурызда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,23% (2019 жылғы ақпанда – 8,26%) болды.

Ұлттық Банктің 2019 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен базалық мөлшерлеме +/-1%- дық1 дәлізбен жылдық 9,00%-ға дейін төмендетілді. 

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2019 жылғы наурыздың соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 4,2 трлн теңге болды.

Тікелей РЕПО операциялары бойынша Ұлттық Банктің ашық позициясының көлемі 217,4 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 1 174,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділіктің көлемі – 330,5 млрд теңге.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 5,1%-ға төмендей отырып, 2019 жылғы наурыздың соңында 3 781,4 млрд теңгені құрады.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2019 жылғы наурызда 2 262,9 млрд теңгені құрады. 7 аукцион өткізілді, оның ішінде 1 785,0 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (орташа алынған кірістілік – 8,83%), 121,0 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 8,84%), 172,9 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 8,87%) және 183,9 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,00%).

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі бір айда 2 491,9 млрд теңгені құрады.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 116,7 млрд теңгеге ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастыруды жүзеге асырды. 4 аукцион өткізілді, оларда 15 жылдық, 18 жылдық, 20 жылдық және 25 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 8,61% - 8,94% аралығында болды.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2019 жылғы наурызда 0,7%-ға ұлғайып, 7 487,0 млрд теңгені құрады.

Кірістілік қисығының инверсиялық болып қалатынына қарамастан, оның траекториясын теңестіру қысқа мерзімді қазынашылық облигациялардың кірістілігі мен неғұрлым ұзақ мерзімді құралдардың кірістілігі арасындағы айырмашылықтың қысқарғанын көрсетеді.

  1. 2019 жылғы наурыздағы валюта нарығы

2019 жылғы наурызда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 375,90– 380,06 теңге аралығында өзгерді. 2018 жылғы наурыздың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,4%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 380,04 теңге болды.

Теңге-АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 11,0 млрд АҚШ доллары (бір айда 28,7%-ға азаю), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,1 млрд АҚШ доллары (22,5%-ға азаю), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 9,0 млрд АҚШ доллары (29,9%-ға азаю) болды. Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 8,4%-ға азайып, 6,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың жалпы көлемінен үлесі 74,9%-ды құрады (2019 жылғы ақпанда 57,3%). Аталған операция ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс көлеміне әсер етпейді.

2019 жылғы наурызда халық нетто-негізде 160,5 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 53,0%, немесе 85,0 млрд теңге, Ресей рублін – 29,4%, немесе 47,3 млрд теңге, еуро – 17,4%, немесе 27,8 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Алдыңғы аймен салыстырғанда аталған шығыстар 19,4%-ға азайды. Валюта түрлеріне бөлгенде АҚШ долларын сатып алуға шығыстар еуро сатып алуға шығыстар 26,9%-ға, еуро сатып алуға 9,5%-ға, Ресей рублін сатып алуға 8,3%-ға азайды.

Айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын нетто-сатуының жалпы көлемі 2019 жылғы қаңтар-наурызда (502,3 млрд теңге) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (2018 жылғы қаңтар-наурызда – 459,4 млрд теңге) 9,3%-ға ұлғайды.

  1. 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 2,1%-ға қысқара отырып, 2019 жылғы наурыздың соңында 17 207,9 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 8 757,9 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 8 450,0 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 10 060,4 млрд теңгеге дейін 1,4%- ға ұлғайды, шетел валютасында 7 147,4 млрд теңгеге дейін 6,8%-ға төмендеді. Долларлану деңгейі 2019 жылғы наурыздың соңында 41,5%-ды (2018 жылғы желтоқсанда - 48,4%-ды) құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы наурызда 5 341,1 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды, шетел валютасында 3 416,8 млрд теңгеге дейін 12,1%-ға төмендеді (заңды тұлғалардың депозиттерінің 39,0%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 719,3 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды, шетел валютасында 3 730,7 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 44,2%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,4%-ға ұлғайып, 11 610,7 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 851,5 млрд теңгені, шетел валютасымен – 4 759,2 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2018 жылғы желтоқсанда 7,1 %), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,4%-ды (10,4%) құрады.

  1. 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы наурыздың соңында 12 473,2 млрд теңгені құрады (бір айда 0,1%-ға азаю). Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 036,9 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 5 436,3 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды.

 

Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 10,3%-ды немесе 1,1 трлн теңгені құрады.

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда өзгеріссіз қалып, 10 012,3 млрд теңге болды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,7%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 1,6%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 460,9 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,6%-ға, ал жеке тұлғаларға кредиттер 2,6%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы наурыздың соңында 80,3%-ды құрады (2019 жылғы ақпанда – 80,2%).

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 621,8 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 851,4 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға азайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 2 191,3 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 17,6%) ұлғайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,3%), сауда (13,7%), құрылыс (5,8%) және көлік (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.

2019 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0% (2019 жылғы ақпанда – 12,4%), жеке тұлғаларға – 17,8% (18,2%) болды.

7. 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша төлем жүйелері

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 20 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкаларының жүйелері жұмыс істейді.

2019 жылғы қаңтар-наурызда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 255 трлн теңге сомаға 9,7 млн транзакция жүргізілді (2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда төлемдердің саны 3,1%-ға азайды, ал сомасы 20,4%-ға ұлғайды). Орташа алғанда, бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 4,3 трлн теңге сомаға 170,3 мың транзакция жүргізілді.

2019 жылғы наурызда Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының көлемі 2,1 трлн теңге сомаға 111,8 млн транзакцияны құрады (2018 жылғы наурызбен салыстырғанда транзакциялардың саны 97,6%-ға ұлғайды, сомасы 47,1%-ға өсті). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер санының үлесі 72,2%-ға дейін өсті (2018 жылғы наурызда – 60,6%), қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер көлемінің үлесі 41,3%-ға дейін (28,6%) ұлғайды.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 24,4 млн бірлік болды. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі төмендегідей: 10,4 мың банкомат, 141,4 мың POS-терминал. 2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстанда төлем жасауға төлем карточкаларын қабылдайтын 85,6 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді.

2019 жылғы наурызда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 47,6 млрд теңге сомаға 0,2 млн аударымды құрады. 2018 жылғы наурызбен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің төмендеуі 0,9%-ды құрады. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санынан 95,0% (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасынан 94,8% (45,2 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 5,0% (0,01 млн транзакция) және жалпы сомасынан 5,2% (2,5 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 28,7 млрд теңге сомаға 0,1 млн транзакция алынды.

8. 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша банк секторы

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 28 банк жұмыс істейді.

Банк секторының жиынтық активтері 2019 жылғы 1 сәуірде 24 577,4 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бері 2,6%-ға азаю) құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,2%, бағалы қағаздар портфеліне – 21,5%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 12,9% тиесілі.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 122,8 млрд теңгені немесе несие портфелінің 8,6%-ын құрады.

Несие портфелі бойынша провизиялар 2 341,4 млрд теңге немесе несие портфелінің 17,9%-ы (2019 жылдың басында – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 21 516,9 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бастап азаю 3,2%) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 77,4%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 8,2%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 2,7%-ды иеленеді.

Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2019 жылдың басымен салыстырғанда 6,2%-дан 6,4%-ға дейін (1 309,5 млрд теңгеге дейін) ұлғайды.

Банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2019 жылғы наурызда 1,3%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 060,5 млрд теңгені құрады.

Таза шығын (ағымдағы шығыстардың ағымдағы кірістерден асып кетуі) 50,3 млрд теңгені құрады. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді тиісінше 5,0% және 3,9% болды.

9. 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша сақтандыру нарығы

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру секторында 27 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2019 жылғы 1 сәуірде 1 105,9 млрд теңгені (жыл басынан 5,5%-ға өсті) құрады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 1,4%-ға 588,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бастап 547,2 млрд теңгеге дейін 5,3%-ға өсті.

Меншікті капитал 517,7 млрд теңгені құрады (жыл басынан 10,6%-ға өсті).

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 10,5%-ға 118,9 млрд теңгеге дейін өсті, оның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі – 110,5 млрд теңге.

2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 50,9%-ға 24,0 млрд теңгеге дейін артты. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы үлесі 2018 жылғы 1 сәуірдегі 14,8%-бен салыстырғанда 20,2%-ды құрады.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 24,8 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 20,8%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 92,3%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.

2019 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 20,8 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы осы кезеңге қарағанда 16,3%-ға артық.

10. 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2019 жылғы қаңтарнаурызда 262,3 млрд теңгеге немесе 2,8%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 9 640,0 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 сәуірде 3 788,9 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 2019 жылғы қаңтар-наурызда 96,9 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2019 жылғы 1 сәуірде 9,9 млн шотты құрады.

2019 жылғы қаңтар-наурызда зейнетақы төлемдерінің сомасы 54,4 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 сәуірде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін бұрынғысынша ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары алады (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 40,6% және 29,6%). 

445.14 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға