1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№ 10 баспасөз релизі. Қаржы нарығындағы ахуал туралы

Жыл басынан бері инфляция 0,8% (2018 жылғы қаңтар-ақпан – 1,3%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,6%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасы 1,5%-ға төмендеді.

Жылдық инфляция 4,8% деңгейде қалыптасты және Ұлттық Банктің 2019 жылға арналған 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 6,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,2%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны 1,3%-ға дейін баяулады.

2019 жылғы ақпанда халықтың инфляциялық күтулері өткен айдағы деңгейде сақталды. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 4,7% болды.

2. 2019 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2019 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 29,2 млрд АҚШ долларына дейін 4,6%-ға немесе 1,4 млрд АҚШ долларына (жыл басынан бері – 5,7%-ға немесе 1,8 млрд АҚШ долларына төмендеу) төмендеді.

Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар, сондай-ақ ұйымдардың Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы қалдықтарының төмендеуі Үкіметтің шоттарына валютаның түсуімен және банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарының ұлғаюымен бейтараптандырылды.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (59,0 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2019 жылғы ақпанның соңында 88,2 млрд АҚШ доллары болды.

Ақша базасы 2019 жылғы ақпанда 6,7%-ға тарылды және 6 519,0 млрд теңге (жыл басынан бері тарылу 2,0%) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 874,8 млрд. теңгеге дейін (2,0%-ға тарылу) 9,0%-ға тарылды.

2019 жылғы ақпанда ақша массасы алдын ала деректер бойынша 7,9%-ға төмендеп, 19 720,8 млрд теңге (жыл басынан бері төмендеу 5,2%) болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 135,0 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға (5,5%-ға төмендеу) төмендеді.

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банктің 2019 жылғы 4 наурыздағы шешімімен базалық мөлшерлеме +/-1%- дық1 дәлізбен жылдық 9,25% деңгейінде сақталды.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2019 жылғы ақпанның соңында Ұлттық Банктің ашық позициясының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 192,7 млрд теңге, Ұлттық Банктегі банктік депозиттер көлемі 393,6 млрд теңге болды. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділіктің көлемі ақпанның соңында 322,1 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) ашық нарықтағы операциялар бойынша 2019 жылғы ақпанның соңындағы жағдай бойынша 3,9 трлн теңге болды.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы2 2019 жылғы ақпанда басым түрде Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің пайыздық дәлізінің төменгі шегі деңгейінде қалыптасты. Ақпанда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,26% (2019 жылғы ақпанда – 8,26%) болды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. 2019 жылғы ақпанның соңында айналыстағы ноттардың көлемі жылдың басынан бастап 13,2%-ға ұлғайып, 3 984,7 млрд теңгені құрады.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2019 жылғы ақпанда 6 903,8 млрд теңге болды. 18 аукцион, оның ішінде 4 227,4 млрд теңге сомаға 7 күндік ноттарды орналастыру бойынша 11 аукцион, 2 280,1 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион, 235,1 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион, 126,3 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион және 34,8 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2019 жылғы ақпанда 7 553,6 млрд теңгені құрады.

Орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша орташа алынған кірістілік 8,85%, 1 айлық ноттар бойынша – 8,91%, 3 айлық ноттар бойынша – 8,85%, 6 айлық ноттар бойынша – 8,96% және 1 жылдық ноттар бойынша – 9,12% болды.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2019 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 101,2 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырды. 4 аукцион өткізілді, оларда 14 жылдық, 15 жылдық, 18 жылдық және 20 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 8,66% - 8,74% аралығында болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕУКАМ) орналастыру нәтижесінде 2019 жылғы ақпанның соңында 7 431,3 млрд теңгеге дейін (2018 жылғы желтоқсанның соңындағы көлеммен салыстырғанда 3%-ға) ұлғайды.

2019 жылғы ақпанда кірістілік қисығы неғұрлым ұзақ мерзімді құралдардың кірістілігімен салыстырғанда қысқа мерзімді қазынашылық облигациялардың ұлғаюы нәтижесінде инверсиялық қалыпты сақтады. Сонымен қатар, кірістілік қисығы жоғары қарай ығысты, бұл құралдардың барлық түрі бойынша кірістіліктердің көтерілгенін растайды.

4. 2019 жылғы ақпандағы валюта нарығы

2019 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 373,56- 382,74 теңге аралығында өзгерді. 2018 жылғы ақпанның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,3%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 374,96 теңге болды.

Теңге-АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 15,5 млрд АҚШ доллары (бір айда 25,5%-ға ұлғаю), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,7 млрд АҚШ доллары (31,6%-ға ұлғаю), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 12,8 млрд АҚШ доллары (24,3%-ға ұлғаю) болды. Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 2,3%-ға ұлғайып, 7,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың жалпы көлемінен үлесі 57,3%-ды құрады (2019 жылғы қаңтарда 69,6%). Аталған операция ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс көлеміне әсер етпейді.

2019 жылғы ақпанда халық нетто-негізде 199,1 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 58,4%, немесе 116,3 млрд теңге, Ресей рублін – 25,9%, немесе 51,5 млрд теңге, еуро – 15,5%, немесе 30,8 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Алдыңғы аймен салыстырғанда аталған шығыстар 39,4%-ға ұлғайды. Валюта түрлеріне бөлгенде еуро сатып алуға шығыстар 2,1 есеге, Ресей рублін – 58,5%-ға, АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 22,7%- ға ұлғайды.

5. 2019 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 8,6%-ға қысқара отырып, 2019 жылғы ақпанның соңында 17 585,8 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 148,3 млрд теңгеге дейін 14,6%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 8 437,6 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға төмендеді.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 9 917,5 млрд теңгеге дейін 7,4%- ға қысқарды, шетел валютасында 7 668,4 млрд теңгеге дейін 10,2%-ға төмендеді. Долларлану деңгейі 2019 жылғы ақпанның соңында 43,6%-ды (2018 жылғы желтоқсанда - 48,4%-ды) құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы ақпанда 5 262,2 млрд теңгеге дейін 13,7%-ға, шетел валютасында 3 886,1 млрд теңгеге дейін 15,9%-ға төмендеді (заңды тұлғалардың депозиттерінің 42,5%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 655,3 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға ұлғайды, шетел валютасында 3 782,3 млрд теңгеге дейін 3,4%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 44,8%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 4,8%-ға төмендеп, 11 450,6 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 544,8 млрд теңгені, шетел валютасымен – 4 905,9 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2018 жылғы желтоқсанда 7,1 %), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,5%-ды (10,4%) құрады.

6. 2019 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы ақпанның соңында 12 489,3 млрд теңгені құрады (бір айда 0,2%-ға ұлғаю). Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 132,6 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 5 356,7 млрд теңгеге дейін 0,7 %-ға ұлғайды.

Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 11,4 %-ды немесе 1,2 трлн. теңгені құрайды.

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 10 011,6 млрд теңгеге дейін 1,1%- ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,4%-ға, ал жеке тұлғаларға кредиттер 0,9 %-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 477,7 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 3,5%-ға, ал жеке тұлғаларға кредиттер 5,8%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы ақпанның соңында 80,2%-ды құрады (2019 жылғы қаңтарда – 79,4%).

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 592,7 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 896,7 млрд теңгеге дейін 5,0%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 0,9%-ға (2 166,3 млрд теңгеге дейін немесе экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 17,3%) азайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,6%), сауда (13,8%), құрылыс (5,9%), көлік (4,0%) және ауыл шаруашылығы (1,8%) сияқты салаларға тиесілі.

2019 жылғы ақпанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,4% (2019 жылғы қаңтарда – 12,4%), жеке тұлғаларға – 18,2% (18,4%) болды.

7. 2019 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша төлем жүйелері

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 20 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкаларының жүйелері жұмыс істейді

2019 жылғы қаңтар-ақпанда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 177,4 трлн теңге сомаға 6,5 млн транзакция жүргізілді (2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда төлемдердің саны 4,4%-ға азайды, ал сомасы 24,9%-ға ұлғайды). Орташа алғанда, бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 4,4 трлн теңге сомаға 163,5 мың транзакция жүргізілді.

2019 жылғы ақпанда Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының көлемі 1,8 трлн теңге сомаға 93,3 млн транзакцияны құрады (2018 жылғы ақпанмен салыстырғанда транзакциялардың саны 83,5%-ға ұлғайды, сомасы 38,4%-ға өсті). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер санының үлесі 72,7%-ға дейін өсті (2018 жылғы ақпанда – 60,6%), қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер көлемінің үлесі 39,5%-ға дейін (27,6%) ұлғайды.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 24,1 млн бірлік болды. 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі төмендегідей: 10,7 мың банкомат, 138,9 мың POS-терминал. 2019 жылғы 1 наурызда Қазақстанда төлем жасауға төлем карточкаларын қабылдайтын 84,4 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді.

2019 жылғы ақпанда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 39,1 млрд теңге сомаға 0,2 млн аударымды құрады. 2018 жылғы ақпанмен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің өсуі 8,5%-ды құрады. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санынан 94,8% (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасынан 94,3% (36,9 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 5,2% (0,01 млн транзакция) және жалпы сомасынан 5,7% (2,2 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 26,1 млрд теңге сомаға 0,1 млн транзакция алынды.

8. 2019 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша банк секторы

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 28 банк жұмыс істейді.

Банк секторының жиынтық активтері 2019 жылғы 1 наурызда 24 578,0 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бері 2,6%-ға азаю) құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,3%, бағалы қағаздар портфеліне – 21,9%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 15,0% тиесілі.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 078,7 млрд теңгені немесе несие портфелінің 8,3%-ын құрады.

Несие портфелі бойынша провизиялар 2 314,1 млрд теңге немесе несие портфелінің 17,7%-ы (2019 жылдың басында – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 21 586,1 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бастап азаю 2,9%) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 78,5%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 8,0%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 2,5%-ды иеленеді.

Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2019 жылдың басымен салыстырғанда 6,2%-дан 6,3%-ға дейін (1 296,3 млрд теңгеге дейін) ұлғайды.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2019 жылғы ақпанда 1,0%-ға азайып, 2 991,9 млрд теңге болды.

Таза шығын (ағымдағы шығыстардың ағымдағы кірістерден асуы) 102,1 млрд теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тиісінше 5,05% және 3,93% болды.

9. 2019 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша сақтандыру нарығы

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сақтандыру секторында 26 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2019 жылғы 1 наурызда 1 071,1 млрд теңгені (жыл басынан 2,2%-ға өсті) құрады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 603,3 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға ұлғайды.

Қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бастап 547,3 млрд теңгеге дейін 5,4%-ға өсті.

Меншікті капитал 467,8 млрд теңгені (жыл басынан бастап 0,1%-ға азаю) құрады.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы осыған ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 91,9 млрд теңгеге дейін 18,8%-ға ұлғайды, оның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі – 84,6 млрд теңге.

2019 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 56,9%-ға 16,6 млрд теңгеге дейін өсті. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы үлесі 2018 жылғы 1 наурыздағы 13,6%-ға қарағанда 18,0% болды.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 21,7 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 23,6%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 93,3%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.

2019 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) жалпы көлемі 14,1 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға көп.

10. 2019 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2019 жылғы қаңтарақпанда бойынша 115,8 млрд теңгеге немесе 1,2%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 9 493,4 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 наурызда 3 704,0 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 12,1 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2019 жылғы 1 наурызда 9,9 млн шотты құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 43,0 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 наурызда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесі, бұрынғыша, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 40,8%-ы және 29,4%-ы) тиесілі.

767.82 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға