1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№ 9 баспасөз релизі. Төлем балансының ағымдағы шотының болжамы туралы

Болжамның бастапқы жорамалдары

Ағымдағы болжамның базалық сценарийі Brent маркалы мұнайдың 2019ж. ақпанынан бастап бір баррелі үшін бағасы $60 болып табылады (2019ж. орташа баға – $60; 2020ж. – $60).

Болжамның кейбір бастапқы жорамалдары алдыңғы болжамдық раундпен салыстырғанда қайта қаралды.

Мұнай мен газ конденсатын өндірудің көлемі алдыңғы болжамдық раундпен салыстырғанда төмендетілді: 2019ж. 89,5 млн. тоннаға дейін (алдыңғы болжам– 90 млн. тонна), ал 2020ж. 90 млн. тонна деп болжанды. Өндіру көлемі болжамының төмендетілуі 3 ірі кен орнындағы (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) жұмыстардың күрделі жөндеуге байланысты тоқтатылуымен түсіндіріледі.

Нақты ЖІӨ-нің өсу қарқынының болжамдары алдыңғы болжамдық раундпен салыстырғанда аса өзгермеді. Нақты ЖІӨ-нің өсу қарқынының 2018ж. салыстырғанда біршама баяулауы күтілуде. Бұл, өз кезегінде, мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемінің болжамдық кезеңде төмендетілуіне байланысты.

Сыртқы сұраныс бойынша күтімдер біршама төмендетілді: Еуроаймақ және Қытай экономикаларының өсу қарқындарының алдыңғы болжам раундымен салыстырғанда көбірек бәсеңдеуі күтілуде.

Болжам

Қазақстанда ағымдағы шот сауда балансының және кірістер балансының серпінімен айқындалады. Көрсетілетін қызметтер балансының серпіні тұрақты және оның ағымдағы шоттың көрсеткіштеріне әсері шектелген (график).

2019ж. ағымдағы шоттың 2018ж. салыстырғанда нашарлауы күтіліп, ЖІӨ-нің (-)3,0%- ын құрауы болжанады (алдыңғы болжам – ЖІӨ-нің (-)3,9%-ы). 2019ж. болжамның жақсаруы, негізінен, кірістер балансы дефицитінің қысқаруымен түсіндіріледі.

2020ж. дефицит ЖІӨ-нің (-)4,2%-ына дейін ұлғаяды. Ағымдағы шот дефицитінің болжам кезеңінде ұлғаюы мұнай бағасының сценарийлік төмендеуі, мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемінің күтіліп отырған қысқарауы және тауарлар импортының бірқалыпты өсуімен шартталған.

Тауарлар экспорты. 2019ж. экспорттың 15,8%-ға (ж/ж) $52,2 млрд-қа дейін қысқаруы күтілуде (алдыңғы болжам – (-)8,8% (ж/ж)). Болжамның өзгеруі мұнайдың сценарийлік бағасына және оны өндіру көлемдері бойынша күтімдердің төмендетілуіне байланысты. Сонымен қатар, болжамның төмендетілуіне Еуроаймақ және Қытай экономикаларының өсу қарқындарының алдыңғы болжам раундымен салыстырғанда көбірек бәсеңдеуі әсер етті. 2020ж. тауарлар экспортының 2,3%-ға (ж/ж) төмендеп, $51,0 млрд-ты құрауы күтілуде.

Тауарлар импорты. 2019ж. импорт 2018ж. салыстырғанда айтарлықтай өзгермей (+1% (ж/ж)), $34,8 млрд-ты құрайды (алдыңғы болжам – $36 млрд.). 2020ж. импорт $37,4 млрд. деңгейінде күтілуде (+7,6% (ж/ж)). Ағымдағы болжамның алдыңғы болжамнан біршама төмен болуы ҚР Энергетика Министрлігінің Ресейден теміржол көлігімен бензинді елге алып келуіге салынған тыйымның 2020ж. соңына дейін жалғасуын шамалаумен түсіндіріледі1 .

Тұтыну тауарлары импорты ең төменгі жалақы мен әлеуметтік төлемдердің артуы, сондай-ақ қызметкерлердің кейбір категориялары үшін жеке табыс салығының төмендетілуіне байланысты халықтың қолда бар табысының өсуімен және жаңа тұтынушылық кредиттерді беру көлемдерімен сүйемелденеді.

Аралық және инвестициялық импорт мемлекеттік бағдарламалардың2 және инвестициялық жобалардың3 , көбінесе мұнай-газ секторындағы, іске асырылуы есебінен өседі.

Кірістер балансы. Болжам кезеңінде кірістер балансы дефицитінің 2019ж. (-)$18,5 млрд-қа және 2020ж. (-)$17,7 млрд-қа дейін қысқаруы күтілуде. Кірістер балансының ағымдағы болжамдық траекторисы алдыңғы қарастырылыммен салыстырғанда біршама жақсарған. Бұл 2018ж. 2жж. Қазақстан экономикасының шикізаттық секторындағы шетел инвесторлары табысының өсу қарқынының бәсеңдеуіне және болжам кезеңінде мұнай өндіру көлемінің қысқаруына байланысты.

Болжамның негізгі тәуекелдеріне мұнай бағасы мен оны өндіру көлемдерінің нақты және сценарийлік мәндерінің сәйкес келмеуі, инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынының үдей түсуі, сондай-ақ тікелей шетел инвесторларының табысты есептеу бойынша шешім қабылдаулары жатады. Сонымен қатар, күтілетін инвестициялар мен экономикалық салдарлар4 бойынша толық ақпараттың болмауы да ағымдағы шот болжамы траекториясының өзгеруіне алып келуі мүмкін.

341.04 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға