1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№35 баспасөз релизі. QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL коллекциялық монеталары туралы

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады. 2021 жылы қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады.

Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.

Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Қажымұқан Мұңайтпасұлының суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін 150 JYL деген жазу, оң жағында күрес өнерінің фрагменті мен монетаның шыққан жылын білдіретін «2021» деген жазу, сол жағына қарай монетаны айналдыра QAJYMUQAN MUŃAITPASULY деген жазу орналасқан.

Коллекциялық монета МН25 мельхиор құймасынан, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 15 000 дана болып дайындалды.

Монета коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрінде номиналды құны бойынша қабылдауға жатады, сондай-ақ монеталарды банк шоттарына салып, аударым жасауға, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде айырбастап, ұсақтауға болады.

Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға