1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№46 баспасөз релизі. ХВҚ Ұлттық Банк пен Үкіметтің коронавирус пандемиясымен күрес жолындағы дағдарысқа қарсы шараларына жақсы баға берді

Ағымдағы жылдың 2-13 қараша аралығында Қазақстанның қазіргі қаржылық-экономикалық даму жолына, дағдарысқа қарсы қолдау шараларына, ақша-кредит және бюджет-салық саясатына шолу жасау мақсатында ҚР-дағы Халықаралық валюта қорының миссия Басшысы Николя Бланшенің төрағалығымен ХВҚ қызметкерлерінің мемлекеттік органдардың, қаржы нарығы мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының өкілдерімен онлайн-кездесулер өтті.

ХВҚ-ның пікірінше, Ұлттық Банк пен Үкіметтің Covid-19 пандемиясы мен сыртқы жағдайдың күрт нашарларуына қарсы қабылдаған шаралары шешімді әрі дер кезінде қабылданған әрекет болды. Халықаралық ұйым тарапынан Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеу саясатындағы бейілділігі жоғары бағаланды.

Ұлттық Банк басшылығы мен оның құрамындағы негізгі департамент жетекшілері ХВҚ өкілдерімен бірге пандемияның салдарын талқылап, мұнай нарығындағы құбылмалы бағаның ел экономикасына тигізіп жатқан әсеріне тоқталып, оған қарсы жүргізіліп жатқан қаржы-кредиттік және макроэкономикалық саясат пен айырбастау бағамының саясатына қатысты шараларды сөз етті. Кездесулер кезінде экономикалық белсенділікті қайта қалпына келтіру бойынша қолға алынған шаралар да айтылып, халықты және ШОБ-ты қолдау, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.

ХВҚ мемлекеттің пандемияның салдарына қарсы қабылдаған шараларына жақсы баға бере отырып, осындай дағдарыс кезеңінде нық әрі инклюзивті өсімге бейілділігін қолдайды.

Сапар соңында ХВҚ миссиясының Қорытынды мәлімдемесі әзірленіп, ол ХВҚ мен Қазақстан Ұлттық Банкінің сайттарында жарияланды.

IV Бап бойынша кеңес беру аясында өтетін ХВҚ миссиясының келесі сапары 2021 жылдың көктеміне белгіленді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға