1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№44 баспасөз релизі. Қаржы нарығындағы ахуал туралы

1. 2020 жылғы қыркүйектегі инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы қыркүйекте инфляция 0,3% (2019 жылғы қыркүйекте – 0,3%) болды.

Жылдық инфляция 7,0% (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 10,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,5%-ға, ақылы қызметтер – 3,6%-ға артты.

2020 жылғы қыркүйекте халықтың пікіртерім нәтижесі бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 6,5% болды.

2. 2020 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Алтын бағасының төмендеуі нәтижесінде Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2020 жылғы қыркүйекте алдын ала деректер бойынша 4,5%-ға төмендеп, 33,8 млрд АҚШ доллары болды. Сонымен қатар резервтердің төмендеуіне Ұлттық Банкте орналастырылған ЕДБ қаражатының қысқаруы, валюталық интервенциялар және сыртқы борышты төлеу әсер етті.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,3 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша, 2020 жылғы қыркүйектің соңында 91,1 млрд АҚШ доллары болды.

2020 жылғы қыркүйекте ақша базасы 1,3%-ға (жыл басынан бері – 30,9%-ға кеңейді) тарылып, 9 023,0 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін қоспағандағы ақша базасы 5,9%-ға (жыл басынан бері – 9,4%-ға) 4 920,4 млрд теңгеге дейін тарылды.

Ақша массасы 2020 жылғы қыркүйекте 2,4%-ға (жыл басынан бері – 13,4%-ға) ұлғайып, 24 180,1 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 3,9%-ға (жыл басынан бері – 22,1%-ға ұлғайды) 2 808,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банк 2020 жылғы 26 қазанда базалық мөлшерлемені +/ 1,5 п.т. пайыздық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау1 туралы шешім қабылдады. Бұл шешім бірмезгілде іскерлік белсенділікті ынталандыру кезінде инфляциялық процестердің серпінін бақылауды сақтауға бағытталған.
Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы2 2020 жылғы қыркүйекте пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. 2020 жылғы қыркүйекте TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,59% (2020 жылғы тамызда – 9,18%) болды.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2020 жылғы қыркүйектің соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 4,0 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша ашық позициясының көлемі 50,0 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 145,2 млрд теңгені құрады. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 767,0 млрд теңгені құрады.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 3,8%-ға ұлғайып, 2020 жылғы қыркүйектің соңында 3 173,1 млрд теңге болды.

2020 жылғы қыркүйекте жалпы сомасы 1 238,4 млрд теңгені құрайтын 6 аукцион өткізілді, оның ішінде 851,8 млрд теңге сомасына 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,04%), 265,7 млрд теңге сомасына 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,54%), 121 млрд теңге сомасына жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,92%) өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2020 жылғы қыркүйекте 1 228,6 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 221,9 млрд теңге сомасына ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастыруды жүзеге асырды. Жалпы 6 аукцион өткізілді, оларға 13 жылдан 25 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 10,50%-дан 10,52%-ға дейін болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2020 жылғы қыркүйекте 1,7%-ға ұлғайып, 10 157,3 млрд теңге болды.

4. 2020 жылғы қыркүйектегі валюта нарығы

2020 жылғы қыркүйекте теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 418,29 – 431,81 теңге аралығында өзгерді. 2020 жылғы қыркүйектің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 2,8%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 431,81 теңге болды.

Теңге - АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 11,7 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтың көлемі – 2,6 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 9,1 млрд АҚШ доллары болды. Бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 80,5% немесе 7,3 млрд ҚШ доллары (2020 жылғы тамызда – 78,6% немесе 6,7 млрд АҚШ доллары) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеуімен байланысты болды. Аталған операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді.

2020 жылғы қыркүйекте халық нетто-негізде 289,3 млрд теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Бұл шығыстар алдыңғы аймен салыстырғанда 31,2%-ға (2020 жылғы тамызда – 220,6 млрд теңге) ұлғайды, 2019 жылғы ұқсас кезеңмен (231,4 млрд теңге) салыстырғанда нетто-сатып алу көлемі 25%-ға ұлғайды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 63,6% немесе 184,1 млрд теңгеге, Ресей рублін – 24,9% немесе 72,0 млрд теңгеге, еуроны – 11,2% немесе 32,5 млрд теңгеге сатып алуға жұмсалды. Бір айда валюта түрлері бойынша бөлген кезде АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 26,8%-ға (2019 жылғы ұқсас кезеңге қатысты - 22%-ға), Ресей рублін сатып алуға - 20,5%-ға (1,6 есе) және еуроны сатып алуға – 2,2 есе (8%-ға төмендеді) өсті.

5. 2020 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,3%-ға ұлғайып, 2020 жылғы қыркүйектің соңында 21 371,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 11 141,0 млрд теңгеге дейін 4,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 10 230,2 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 12 631,1 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 8 740,1 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі 2020 жылғы қыркүйектің соңында 40,9% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы қыркүйекте 6 624,1 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 516,9 млрд теңгеге дейін (заңды тұлғалар депозиттерінің 40,5%-ы) 6,1%-ға ұлғайды.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 6 007,0 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға, шетел валютасындағы депозиттері 4 223,2 млрд теңгеге дейін (жеке тұлғалар депозиттерінің 41,3%-ы) 4,0%-ға өсті.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 3,1%-ға ұлғайып, 14 540,7 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 739,6 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар – 5 801,1 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2020 жылғы қыркүйекте 7,2%-ды (2019 жылғы қыркүйекте – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,8%-ды (9,3%) құрады.

6. 2020 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,1%-ға ұлғайып, 2020 жылғы қыркүйектің соңында 14 345,5 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 302,8 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға, жеке тұлғаларға – 7 042,7 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 12 158,1 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,6%-ға, жеке тұлғаларға – 2,1%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 187,4 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,8%-ға, жеке тұлғаларға – 2,5%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы қыркүйектің соңында 84,8%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 12 352,7 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 992,8 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға азайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы қыркүйекте 2 232,8 млрд теңгеге (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 15,6%-ы) дейін 0,1%-ға ұлғайды.

Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға берген кредиттерінің қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,0%), сауда (11,5%), құрылыс (4,9%) және көлік (3,4%) сияқты салаларға тиесілі.

2020 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,1% (2019 жылғы қыркүйекте – 11,7%), жеке тұлғаларға – 17,3% (18,4%) болды.

7. 2020 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша төлем жүйелері

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2020 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 40,4 трлн теңге сомасына 4,6 млн транзакция (2020 жылғы тамызбен салыстырғанда саны бойынша 2,5%-ға ұлғайды, ал сомасы 14,4%-ға азайды) жүргізілді. Орташа алғанда бір күнде аталған төлем жүйелері арқылы 1,8 трлн теңге сомасына 211,3 мың транзакция жүргізілді.

2020 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын 22 банк пен «Қазпошта» АҚ шығарды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 44,3 млн бірлік болды. Олардың ішінде ағымдағы жылғы қыркүйекте ұстаушылар төлем карточкаларының 55,9%-ын қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) ақша алу операцияларын жүргізу кезінде пайдаланды.

Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып 2020 жылғы қыркүйекте 5,2 трлн теңге сомасына 322,2 млн транзакция (2020 жылғы тамызбен салыстырғанда транзакциялар саны 4,7%-ға, сомасы – 8,1%-ға ұлғайды) жүргізілді. Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі саны бойынша 92,4%-ға дейін (2020 жылғы тамызда – 91,9%), көлемі бойынша – 70,8%-ға дейін (69,9%) өсті.

2020 жылғы қыркүйекте халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 98,2 млрд теңге сомаға 0,3 млн аударым болды. 2020 жылғы тамызбен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің өсуі 19,3% болды. Жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санының 82,6%-ы (0,3 млн транзакция) және жалпы сомасының 95,0%-ы (93,3 млрд теңге) Қазақстаннан тыс жерлерге жіберілді. Ақша аудару жүйелері арқылы Қазақстан бойынша жалпы санының 17,4%-ы (0,1 млн транзакция) және жалпы сомасының 5,0%-ы (4,9 млрд теңге) жүргізілді. Халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелден 27,1 млрд теңге сомаға 0,1 млн транзакция алынды.

8. 2020 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1 718,9 млрд теңгеге немесе 15,9%-ға ұлғайып, 12 519,4 млрд теңге болды.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 1 080,5 млрд теңгеге 2020 жылғы 1 қазанда 5 414,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ қосқанда) 2020 жылғы 1 қазанда 11,0 млн шот болды.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте зейнетақы төлемдерінің сомасы 138,5 млрд теңге болды.

2020 жылғы 1 қазанда БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 44,7%-ы және 25,6%-ы) тиесілі.

1 Бір мезгілде ұқсас деңгейге (9,00%) дейін ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі сақталды
2 Биржада МБҚ-мен автоматты репо секторында жасалған, мерзімі бір жұмыс күндік репоны ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

749.81 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға