1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№40 баспасөз релизі. Қаржы нарығындағы ахуал туралы

1. 2020 жылғы тамыздағы инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы тамызда инфляция 0,1% (2019 жылғы тамызда – 0,2%) болды.

Жылдық инфляция 7,0% (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 10,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,5%-ға, ақылы қызметтер – 3,4%-ға өсті.

2020 жылғы тамызда халықтың пікіртерім нәтижесі бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 6,9% болды.

2. 2020 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2020 жылғы тамызда алдын ала деректер бойынша 0,1%-ға аздап ұлғайып, 35,4 млрд АҚШ доллары болды. ЕДБ валюта шоттарына қаражаттың әкелінуі көбінесе мемлекеттік борышты төлеумен жойылды.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,7 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша, 2020 жылғы тамыздың соңында 94,1 млрд АҚШ доллары болды.

2020 жылғы тамызда ақша базасы 0,5%-ға (жыл басынан бері – 32,6%-ға) кеңейіп, 9 139,7 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін қоспағандағы ақша базасы 7,5%-ға (жыл басынан бері – 3,7%-ға тарылды) 5 230,7 млрд теңгеге дейін кеңейді.

Ақша массасы 2020 жылғы тамызда 0,1%-ға (жыл басынан бері – 10,7%-ға) азғана ұлғайып, 23 603,8 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 1,3%-ға (жыл басынан бері – 27%-ға) 2 922,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банк 2020 жылғы 8 қыркүйекте базалық мөлшерлемені1 +/ 1,5 п.т. пайыздық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім бірмезгілде іскерлік белсенділікті ынталандыру кезінде инфляциялық процестердің серпінін бақылауды сақтауға бағытталған.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы2 2020 жылғы тамызда пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. 2020 жылғы тамызда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 9,18% (2020 жылғы шілдеде – 8,40%) болды.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2020 жылғы тамыздың соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 3,7 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша ашық позициясының көлемі 91,0 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 176,8 млрд теңгені құрады. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 727,0 млрд теңгені құрады.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 7,6%-ға ұлғайып, 2020 жылғы тамыздың соңында 3 056,2 млрд теңге болды.

2020 жылғы тамызда жалпы сомасы 1323,4 млрд теңгені құрайтын 7 аукцион өткізілді, оның ішінде 983,8 млрд теңге сомасына 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,06%), 182,4 млрд теңге сомасына 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,53%), 157,2 млрд теңге сомасына жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,9%) өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2020 жылғы тамызда 1,2 трлн теңгені құрады.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2020 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 155,0 млрд сомасына ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастыруды жүзеге асырды. Жалпы 4 аукцион өткізілді, оларға 8 жылдан 20 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 10,45%-дан 10,56%-ға дейін болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2020 жылғы тамызда 1,4%-ға ұлғайып, 9 987,6 млрд теңге болды.

2020 жылғы қыркүйектің басында кірістілік қисығы3 алдыңғы айдың басымен салыстырғанда барынша реттелген теріс көлбеуді көрсетті. Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымы көлемінің қысқаруы аясында кірістілік барлық аралықта төмендеді.

4. 2020 жылғы тамыздағы валюта нарығы

2020 жылғы тамызда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 417,87 – 420,11 теңге аралығында өзгерді. 2020 жылғы тамыздың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,5%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 420,11 теңге болды.

Теңге - АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 10,8 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтың көлемі – 2,2 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 8,6 млрд АҚШ доллары болды. Бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 78,6% немесе 6,7 млрд ҚШ доллары (2020 жылғы шілдеде – 81,1% немесе 7,2 млрд АҚШ доллары) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеуімен байланысты болды. Аталған операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді.

2020 жылғы тамызда халық нетто-негізде 220,6 млрд теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Бұл шығыстар өткен аймен салыстырғанда 29,3%-ға (2020 жылғы шілдеде – 170,6 млрд теңге) ұлғайды, 2019 жылғы тамызбен (292,2 млрд теңге) салыстырғанда нетто-сатып алу көлемі 24,5%-ға төмендеді. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 65,8% немесе 145,2 млрд теңгеге, Ресей рублін – 27,1% немесе 59,8 млрд теңгеге, еуроны – 6,8% немесе 15,0 млрд теңгеге сатып алуға жұмсалды. Бір айда валюта түрлері бойынша бөлген кезде АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 11,9%-ға, Ресей рублін сатып алуға - 2,2 есе және еуроны сатып алуға - 14,0%-ға өсті. 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 26,1%-ға, Ресей рублін сатып алуға - 14,6%-ға және еуроны сатып алуға - 40,3%-ға төмендеді.

5. 2020 жылғы шілденің қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,02%-ға аздап төмендеп, 2020 жылғы тамыздың соңында 20 681,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 0,4%-ға 10 661,1 млрд теңгеге дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 0,4%-ға 10 020,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 1,1%-ға 12 362,4 млрд теңгеге дейін төмендеді, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 1,7%-ға 8 318,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Долларлану деңгейі 2020 жылғы тамыздың соңында 40,2% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы тамызда 3,1%-ға 6 402,3 млрд теңгеге дейін төмендеді, шетел валютасындағы депозиттері 4,1%-ға 4 258,8 млрд теңгеге дейін (заңды тұлғалар депозиттерінің 39,9%-ы) ұлғайды.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 1,1%-ға 5 960,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 0,7%-ға 4 060,0 млрд теңгеге дейін (жеке тұлғалар депозиттерінің 40,5%-ы) төмендеді.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,2%-ға ұлғайып, 14 105,5 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 524,3 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар – 5 581,3 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2019 жылғы тамызда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,8%-ды (9,4%) құрады.

6. 2020 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,9%-ға ұлғайып, 2020 жылғы тамыздың соңында 14 193,0 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 2,2%-ға 7 288,5 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғаларға – 1,5%-ға 6 904,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 2,1%-ға 11 986,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2,8%-ға, жеке тұлғаларға – 1,6%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 0,6%-ға 2 206,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,7%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға – 1,7%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы тамыздың соңында 84,5%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 2,3%-ға 12 195,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 0,6%-ға 1 997,3 млрд теңгеге дейін азайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы тамызда 2,5%-ға 2 230,6 млрд теңгеге (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 15,7%-ы) дейін ұлғайды.

Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,0%), сауда (11,6%), құрылыс (4,9%) және көлік (3,6%) сияқты салаларға тиесілі.

2020 жылғы тамызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,9% (2019 жылғы тамызда – 11,9%), жеке тұлғаларға – 17,1% (18,8%) болды.

7. 2020 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша төлем жүйелері

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2020 жылғы тамызда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 47,2 трлн теңге сомасына 4,5 млн транзакция жүргізілді (2020 жылғы шілдемен салыстырғанда саны бойынша ұлғаю 9,5% болды, ал сомасы 17,2%-ға азайды). Орташа алғанда бір күнде аталған төлем жүйелері арқылы 2,4 трлн теңге сомасына 226,8 мың транзакция жүргізілді.

2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын 22 банк пен «Қазпошта» АҚ шығарды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 42,7 млн бірлік болды. Олардың ішінде ағымдағы жылғы тамызда төлем карточкаларының 57,0%-ын ұстаушылар қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) ақша алу операцияларын жүргізу кезінде пайдаланды.

2020 жылғы тамызда Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалану арқылы 4,8 трлн теңге сомасына 307,8 млн транзакция жүргізілді (2020 жылғы шілдемен салыстырғанда транзакциялар саны 14,4%-ға, сомасы – 10,4%-ға ұлғайды). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі саны бойынша 91,9%-ға дейін (2020 жылғы шілдеде – 91,0%), көлемі бойынша – 69,9%-ға (68,4%) дейін өсті.

2020 жылғы тамызда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 82,3 млрд теңге сомасына 0,3 млн аударым болды. 2020 жылғы шілдемен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің өсуі 17,2% болды. Жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санының 82,3%-ы (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасының 95,1%-ы (78,3 млрд теңге) Қазақстаннан тыс жерлерге жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аудару жүйелері арқылы жалпы санының 17,7%-ы (0,05 млн транзакция) және жалпы сомасының 4,9%-ы (4,0 млрд теңге) жүргізілді. Халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелден 24,7 млрд теңге сомасына 0,1 млн транзакция алынды.

8. 2020 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-тамызда 1 440,9 млрд теңгеге немесе 13,3%-ға ұлғайып, 12 241,4 млрд теңге болды.

2020 жылғы қаңтар-тамызда зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 2020 жылғы 1 қыркүйекте 5 205,6 млрд теңгеге дейін 871,9 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ қосқанда) 2020 жылғы 1 қыркүйекте 11,0 млн шот болды.

2020 жылғы қаңтар-тамызда зейнетақы төлемдерінің сомасы 117,5 млрд теңге болды.

2020 жылғы 1 қыркүйекте БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 43,5%-ы және 26,4%-ы) алады.

1 Бір мезгілде ұқсас деңгейге (9,00%) дейін ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі. Бір мезгілде ұқсас деңгейге (9,00%) дейін ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі сақталды

2 Биржада МБҚ-мен автоматты репо секторында жасалған, мерзімі бір жұмыс күндік репоны ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме

3 Кірістілік қисығын жасау үшін Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын айқындау әдісі қолданылды

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (717) 277-52-05
e-mail: press@nationalbank.kz
http://www.nationalbank.kz

755.47 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға