1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың ІІІ тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі туралы

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

2022 жылдың ІІІ тоқсанында сауалнамаға 3 336 кәсіпорын қатысты, оның ішінде 1 575 – ірі және орта кәсіпорындар. Мониторинг нәтижесі нақты секторда экономикалық белсенділіктің өсу қарқыны баяулағанын көрсетті. Сонымен қатар, дайын өнімге сұраныс, өндірістік қуаттың жүктемесі мен дайын өнім өндіру көлемі біршама ұлғайғаны байқалды.

2022 жылдың III тоқсанында дайын өнімге сұраныс біршама жақсарды. Диффузиялық индекс (ДИ) 51,5-тен 51,7-ге дейін өзгерді. Көрсеткіштің жақсарғаны тауар өндіру (52,4) және қызмет көрсету (51,1) секторларында байқалды.

Кәсіпорындарда дайын өнімдердің бағасы өсу қарқынын бәсеңдетті, ДИ 63,1 құрады (2022 жылдың II тоқсанында – 65,7).

Әдеттегідей, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы бизнес жүргізуге кедергі екенін айтады. Бұны сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 35,6%-ы растады. Басқа кедергілер: бәсекелестік (28,7%); салық деңгейі және сатып алушыларды іздестіру (23,4%-дан); білікті кадрлардың жетіспеушілігі (22,3%); дебиторлық берешекті қайтарудың күрделілігі (13,4%). Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қол жеткізу 8-орында (12,7%) тұр.

2022 жылдың III тоқсанында кәсіпорындардың 50,5%-ы (2022 жылғы II тоқсанда – 54,3%) геосаяси ахуал мен РФ-ға қарсы қабылданған санкциялар кәсіпке теріс әсер еткенін, ал кәсіпорындардың 11,3%-ы (2022 жылғы II тоқсанда – 12,0%) едәуір зардап шеккенін мәлімдеді. Ал респонденттердің 43,9%-ы (2022 жылғы II тоқсанда – 41,8%) геосаясаттың әсері болмағанын атап өтті.

Нақты сектор кәсіпорындарында жүргізілген сауалнаманы біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) 100,2-ға дейін төмендеді.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/konyunkturnyy-obzor-rezultaty

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға