1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Екінші деңгейлі банктер, финтех және төлем ұйымдары «Цифрлық теңге» жобасы аясында бейінді кездесуге қатысты

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын іске асыру барысын талқылау үшін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, екінші деңгейлі банктердің, финтех секторының және төлем ұйымдарының өкілдерімен, сондай-ақ сарапшылармен кезекті кездесу өткізді.

Кездесу кезінде жобаның 2021 жылғы нәтижелері баяндалды, қазіргі мәртебесі және нарыққа қатысушылармен 2022 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары ұсынылды, Ұлттық Банктің Цифрлық теңгенің ықпалына байланысты экономикалық мәселелерін зерделеудегі тәсілдері қаралды. Нарық қатысушыларының жобаны іске асыруға қосылуының маңыздылығы айтылды.

Атап айтқанда, 2022 жылы инфрақұрылымдық ойыншыларды, нарық қатысушыларын, халықаралық серіктестерді дизайн-сессияларда талқылауға, цифрлық теңге платформасымен интеграциялау үшін сценарийлер әзірлеуге қосу жоспарда бар.

Сыртқы қатысушыларды жобаға қосу мақсатында Digital Tenge Hub диалог алаңы құрылды. Оның негізінде ҚҰБ нарық қатысушыларын оқыту мен сертификаттауды, әдіснамалық аспектілерді талқылау үшін дизайн-сессияларды өткізуді, сондай-ақ жаңа қатысушыларды Цифрлық теңге платформасында сценарийлерді тестілеуге қосуды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Пилоттық жобаға қосылу нарықтың барлық қатысушылары үшін ашық.

Қазақстан Ұлттық Банкі ашық коммуникациялық саясат аясында «Цифрлық теңге» жобасын іске асыруды жалғастырады. Жобаны талқылау және іске асыру қорытындылары ҚҰБ Интернет-ресурсында қолжетімді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға