1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

TILASHAR коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы   

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) TILASHAR коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

TILASHAR коллекциялық монеталары туралы

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталар «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады.

«Тілашар» – әр отбасының өміріндегі ерекше оқиға. Бұрын әдет-ғұрып бала алғашқы сөздерін айтқаннан кейін жасалған. Бүгінгі таңда дәстүр білім алу жолындағы алғашқы қадамды білдіреді.  

Монеталардың басты бетінінің (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазуы, төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін жазу орналасқан.

Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) мектеп атрибуты элементтері бар балалар суреттерінің бейнелері, монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін, соғылған жылы көрсетілген жазу орналасқан.

Күмістен, мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет жағы мен сырт жағының бейнелері бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда интерференциялық құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған.  

 Монеталар:

- 925/1000 сынамды күмістен, массасы – 24 грамм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, дайындау таралымы – 5 000 дана;  

- МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы 30 000 дана;

- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 100 000  дана болып дайындалды.

Бұл монеталардың барлығы олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға