1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем балансының ағымдағы шоты туралы

Төлем балансының ағымдағы шоты туралы ҚР ҰБ Төлем балансы департаментінің директоры
Азат Өскенбаевтың түсіндірмесі 

Ұлттық Банк 2021 жылдағы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының төлем балансын алдын ала бағалап көрді. Ағымдағы шоттың тапшылығы (-)1,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Есепті кезеңде ағымдағы шоттың жай-күйі ішкі сұраныс пен әлемдік экономикалық белсенділікті қалпына келтірумен анықталды.

Сауда балансының профициті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеп, 9,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Тауарлар экспорты 3,4%-ға өсіп, 26,9 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте мұнай мен газ конденсатының экспорты (ресми экспорттың 49,7%-ы) 10,8%-ға немесе 1,6 млрд АҚШ долларына төмендеді. Өткен жылға қарағанда әлемдік мұнай бағасының қалпына келу үрдісі екінші жартыжылдықта толық көлемде көрініс табады.

Тауарлар импортының өсуі 9,2%-ды құрап, 17,5 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ұлғаю тұтыну тауарлары импортының 27,3%-ға немесе 1,2 млрд АҚШ долларына, оның ішінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар импортының 36,0%-ға немесе 1,1 млрд АҚШ долларына өсуіне байланысты болды.

Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі 9,5 млрд АҚШ долларына дейін 42,8%-ға ұлғайды. Ағымдағы шоттың тарихи жай-күйі теріс кірістер балансында оң сауда балансымен сипатталады.

2021 жылдағы бірінші жартыжылдықтың алдын ала қорытындысы Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келеді.

Жоғарыға