1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Монета бағасына қатысты

Монетаның бағасы неден құралады?

ҚҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың түсіндірмесі

Ұлттық Банктің алтын мен күмістен жасалатын коллекциялық монеталарының бағасы неден құралады? Неге бір монета бір монетадан қымбат болуы мүмкін? Лондон биржасындағы алтын мен күмістің бағасы монетаның құнына қалай әсер етеді?

Монетаның бағасы екі құрамдас бөліктен тұрады:

– бағалы металдардың құны монетаның бағасына әсер ететін негізгі құрамдас бөлік: орташа есеппен алтын монеталардың 85%, күміс монеталардың 52% дейінгі бағасы бағалы металдың бағасына байланысты қалыптасады;

– монетаны дайындап, орауға кететін шығындар алтын монета бағасының 15%, күміс монета бағасының 48% құрайды.

Монеталардың құны күн сайын Лондондағы бағалы металдар нарығы қауымдастығының таңғы фиксингіне (баға белгілеуіне) сәйкес ұлттық валютаның алдыңғы жұмыс күніндегі АҚШ долларының ресми бағамы бойынша теңгемен индекстелетінін атап өткім келеді. Міне, сондықтан да, коллекциялық монеталардың бағасы күн сайын өзгеріп тұрады: бірде қымбаттаса, бірде арзандайды.

Дегенмен, Ұлттық Банк сатылымынан пайда табуды көздемейді. Коллекциялық монеталарды шығарудағы мақсат – орталық банк еліміздің мәдени және тарихи мұрасын сақтап, оны дамытуға үлес қосып, маңызды жетістіктер мен айрықша оқиғаларға ғасырлық ғұмыр бере отырып ағартушылық мақсатты көздейді.

Жоғарыға