1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатыны

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталары 2021 жылдың 28 сәуірінде сатылымға шығатынын хабарлайды.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.

Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм болатын монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалды.

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Монеталар кәдесый орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға