1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылдың наурыз айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша

Наурыз айында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, халықтың инфляциялық күтулері 0,2%-ға өсті. Олардың бір жыл алға сандық бағасы 6,9% құрады (ақпанда – 6,7%). Алдағы 12 ай ішінде бағаның қазіргі өсу қарқынының сақталуын немесе оның әлдеқайда көтеріле түсетінін күтетін респонденттердің үлесі 44%-ға дейін артты (ақпанда – 42%).

Инфляцияны бағалауда бағаның өте жоғары болатынын атап өткен респонденттердің үлесі 46%-ға дейін төмендеді (ақпанда 53%).

Әдеттегідей, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (88%) азық-түлік бағасының өсетінін айтады. Сонымен бірге, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының көтеріледі деп белгілеген респонденттердің үлесі артты: 2021 жылдың ақпан айындағы 3,3%-дан наурызда 4,5%-ға дейін және қызметтерге – 2,5%-дан 3,4%-ға дейін (2-кесте).

Қазіргі қаржылық жағдайды бағалау – теріс аймақта сақталып отыр. Наурызда пессимистік жауаптардың үлесі ақпандағы 35,5%-дан 36,2%-ға дейін өсті. Болашақ қаржылық жағдайға қатысты оң күтулер басым, наурыз айында олар 38%-ға дейін өсті (ақпанда - 37%). Халықтың көлемдеп сатып алуға дайындығы өткен аймен салыстырғанда оң бағалардың өсуі есебінен біршама жақсарды: ақпан айындағы 13%-дан наурыз айында 15%-ға дейін.

2021 жылдың наурыз айында экономиканың дамуы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күтулер екінші ай қатарынан нашарлай түсті, дегенмен, оң аймақта қалып отыр.

Жоғарыға