1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылдың қаңтар айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша

2021 жылдың қаңтар айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша ҚҰБ ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің пікірі

Қаңтарда жүргізілген сауалнаманың нәтижелері бойынша, халықтың инфляциялық күтулері төмендеді. Инфляциялық күтулердің бір жыл алға сандық бағасы 6,7%-ды құрады (2020 жылы желтоқсанда – 7,6%).

Келесі 12 ай ішінде бағаның ағымдағы өсу қарқынының сақталуын не бағаның неғұрлым жылдам өсуін күтетін респонденттердің үлесі 43%-ға дейін (2020 жылғы желтоқсанда – 50%) төмендеді.

Респонденттердің 91%-ы азық-түлік бағасының тез өскенін сөз етті (2020 жылы желтоқсанда – 88%). Атап айтқанда, жеміс-жидек пен көкөністің (21%-дан 27%-ға) және жұмыртқаның (13%-дан 25% -ға дейін) қымбаттағанын айтқан респонденттердің қатары көп болды.

Қант (18%), өсімдік майы (35%), нан-тоқаш өнімдері (26%) бағаларының өскенін атап өткен респонденттер саны сәл азайды, бірақ соңғы айларда айтарлықтай басым боп қалуда.

Қазіргі қаржылық жағдайды оң бағалаудың және экономиканың дамуы бойынша оң күтулердің артуына байланысты тұтынушылық көңіл-күй жақсарып келеді. Респонденттердің көпшілігі соңғы жылда өз қаржылық жағдайдың өзгермегенін атап өтті, есесіне, теріс бағалардың үлесі төмендей түсті. Ал, болашақ қаржылық жағдайға қатысты оң күту – әлдеқайда басымырақ.

Халықтың көптеп сатып алуларға дайындығы алдыңғы аймен салыстырғанда оң бағалардың өсуіне байланысты аздап жақсарды.

2021 жылы қаңтарда экономикалық дамудың қысқа және ұзақ мерзімді күтулері жақсарып келе жатқанын айту керек. Алдағы жылға арналған экономикалық дамуды бағалауда оптимистік жауаптардың да үлесі артты.

Жоғарыға