1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы желтоқсандағы іскерлік белсенділік индексі туралы

ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың 2020 жылғы желтоқсандағы іскерлік белсенділік индексі туралы түсіндірмесі

Кәсіпорындар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша 2020 жылы желтоқсанда Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі 49,0-ге дейін 0,4 пайыздық тармаққа төмендеді.

Индекстің төмендеуі көбінесе құрылыстағы көрсеткіштің 49,5-ке дейін 3 тармаққа төмендеуіне негізделді. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік индексі 48,0 деңгейінде (2020 жылғы қарашада – 48,7) қалыптасты. Бұл ретте, өнеркәсіп саласындағы іскерлік белсенділік 2020 жылғы қаңтардан кейін алғаш рет оң аймаққа өтіп, 50,3-тi (2020 жылғы қарашада – 49,6) құрады.

Желтоқсанда өңірлер бойынша көрсеткіштер Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында жақсарды. Индекстің едәуір нашарлауы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Нақты сектор кәсіпорындары Қазақстанда бизнес жүргізу жағдайларын жақсартудың жалғасатынын атап өтті. Желтоқсанда бизнес ахуал индексі 2020 жылғы ең жоғары көрсеткіш – 4,2-ге жетті.

*Бизнес ахуал индексі ағымдағы айдағы бизнес-жағдайлардың өзгеруі және келесі айда бизнес-жағдайлардың күтілетін өзгерістері туралы сұрақтарға оң және теріс жауаптар арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Кәсіпорындар қаржыға/кредитке қолжетімділікті, инфрақұрылымды, құқықтық мәселелерді және бизнесті қорғауды, салықтық жүктемені, тексерулердің, айыппұлдардың және т. б. болуын бағалайды

Желтоқсанда пікіртерімге 452 кәсіпорын қатысты: құрылыс саласында – 64, өнеркәсіп саласында – 172, қызмет көрсету саласында – 216.

Толығырақ

Жоғарыға