1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алтын нарығындағы жағдай және оның Ұлттық Банк резервтеріне әсері туралы

Соңғы екі айдан кейін алғашқы рет алтын бағасы бір трой унциясы үшін 1900 доллардан төмен түсті. Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов сары металл нарығындағы жағдайға түсіндірме берді және бұл жағдай Ұлттық Банктің резервіне қалай әсер ететіні туралы айтты.

– Алтын бағасы 23 қыркүйекте шамамен 100 долларға немесе қыркүйектің басындағы бағамен салыстырғанда 5%-ға төмендеп, бір трой унциясы үшін 1865 доллар деңгейіне дейін түсті.

АҚШ-тан позитивтік экономикалық деректер, Еуроодақ елдерінде және Ұлыбританияда коронавируспен ауырғандар саны ұлғаюы жөнінде қауіптену, сондай-ақ Чикаго Федералдық резервтік банкі басшысының АҚШ-та инфляция 2%-дық орташа деңгейге жеткенге дейін мөлшерлемелердің ықтималды өсуі жөніндегі түсіндірмелері доллар индексін сегіз апталық максимумға жеткізді. Әлем нарықтарында АҚШ долларының нығаюы өз кезегінде алтынның тартымдылығын төмендетті, оның бағасы ағымдағы кезде шілдеден бастап минимумға жетті.

COVID-19 жаһандық пандемиясы және дамыған елдердің орталық банктерінің жауап ретіндегі ынталандыратын монетарлық саясаты осы жылы алтын бағасының біршама раллиіне әкелді. Алтын бағасы жыл басынан бері 36%-ға өсіп, тамызда тарихи максимумды жаңартты. Бағаның ағымдағы түзетілуіне қарамастан, алтын инвестициялық актив ретінде 24%-ға өсіп, жыл басынан бері көшбасшы болып келеді.

Соңғы күндері алтын бағасының құбылмалығы бағалы металдардың резервтер құрамындағы ағымдағы үлесін ескере отырып, айдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтерін қайта бағалауға әсер етуі мүмкін.

Алайда, әлем нарықтарында COVID-19 ауруының екінші толқынының қауіпімен байланысты белгісіздік сақталуда. АҚШ пен Қытай арасындағы саяси және экономикалық қарама-қайшылық күшеюі, АҚШ-тағы алдағы президенттік сайлау аясында одан әрі тұрақсыздық мүмкін. Дәстүрлі қорғаныш активі ретінде алтын стратегиялық инвестиция болып табылады, онда төлемге жарамсыздықтың нөлдік тәуекелі бар және ол орталық банктердің резервтерін әртараптандыруға ықпал етеді.

Жоғарыға