Халықаралық инвестициялық позиция
Деректер: қамтылуы, кезеңділігі және уақтылы болуы |
|
Қамту сипаттамасы
|
Халықаралық инвестициялық позиция Қазақстан Республикасы резиденттерінің сыртқы қаржылық активтері мен міндеттемелерінің нақты уақыт мезетіндегі құнын көрсететін статистикалық есеп. Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық позициясында есепті кезең ішіндегі қаржылық операциялар, қайта бағалау және өзге өзгерістер нәтижесінде орын алған өзгерістер көрсетіледі. Есепті күні қаржылық активтер мен міндеттемелердің стандартты компоненттері келесі жіктеулерді көздейді: Халықаралық инвестициялық позицияны қалыптастыру үшін келесі ақпарат көздері: Деректер АҚШ долларында қалыптастырылады. |
Кезеңділік |
Тоқсан сайын |
Ұсыну мерзімділігі |
Есепті кезеңнен кейінгі 90-шы күн |
Қоғамдық қол жетімділік |
|
Деректерді жариялау мерзімінің күнтізбесі |
Ұлттық Банк ресми статистикалық ақпаратының, оның ішінде сыртқы сектор статистикасы бойынша ақпаратының таратылу күнтізбесі Ұлттық Банк сайтында орналастырылады: https://nationalbank.kz/kz/page/kalendar-rasprostraneniya-dannyh. Сонымен қатар күнтізбе Ұлттық статистика бюросының сайтында қолжетімді: https://stat.gov.kz/inf/standard/calendar. |
Барлық мүдделі тараптарға бір уақытта ақпарат ұсыну |
Халықаралық инвестициялық позиция бойынша деректер орнатылған мерзімдерде Ұлттық Банк сайтында орналастырылады: https://nationalbank.kz/kz/news/mezhdunarodnaya-investicionnaya-poziciya және барлық пайдаланушыларға бір мезгілде қолжетімді болады. |
Шынайылығы |
|
Жеке респонденттер бойынша мәліметтердің құпиялылығын сақтай отырып, статистикалық деректерді қалыптастырудың нормативтік-құқықтық шарттары туралы ақпаратты тарату |
Халықаралық инвестициялық позиция бойынша деректерді жинау және тарату мыналармен реттеледі: • Қазақстан Республикасының “Ұлттық Банк туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңымен. Халықаралық инвестициялық позицияны қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Төлем балансы департаменті жауапты болып табылады. |
Жарияланғанға дейін мемлекеттік органдардың ақпаратқа қол жетімділігі (қол жетімділіктің болмауы) |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары ақпаратқа ол ресми түрде жарияланғанға дейін қол жеткізе алмайды. |
Статистикалық мәліметтерді шығару кезінде министрліктердің ескертулерінің болуы | Деректер министрліктер мен ведомстволар тарапынан қандай да болмасын түсініктемелерсіз жарияланады. |
Деректерді нақтылау туралы ақпарат беру және жарияланатын деректер әдіснамасына өзгерістер енгізу туралы алдын ала хабарламаларды жариялау | Есепті кезең үшін деректерді шығару кезінде бұрын басылып шығарылған кезеңдер өзектендіріледі, бұл есептердің немесе әдіснаманың нақтылануымен, жаңа ақпарат көздерінің пайда болуымен және т.б. байланысты. Деректер бір жылда екі рет қайта қаралады: қазан және сәуір айларында. Деректерді қайта қарау есепті жылдың алдындағы екі жылды қамтиды. Деректерді қайта қарауға қатысты түсіндірмелер жаңартылған деректермен бірге Ұлттық Банктің «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» тоқсандық басылымында жарияланады. Әдіснамадағы негізгі өзгерістер пайдаланушыларға осындай өзгерістер енгізілген сәттен бастап хабарланады. |
Сапа |
|
Әдіснама және статистикалық деректерді дайындау кезінде пайдаланылатын дереккөздер туралы ақпаратты тарату |
Ұлттық Банктің ДТАС бойынша тарататын ақпаратына әдіснамалық түсіндірмелер келесі мекен-жай бойынша орналастырылған: https://nationalbank.kz/kz/news/metodologicheskiy-kommentariy/7330. Сонымен қатар, дереккөздер туралы ақпаратты және жеке көрсеткіштерді бағалаудың әдістемелік қағидаттарын қоса алғандағы түсіндірмелер https://nationalbank.kz/kz/news/platezhnyy-balans/rubrics/1574 мекен-жайы бойынша қолжетімді болып табылатын Ұлттық Банктің «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» тоқсандық басылымында жарияланады. |
Әр-түрлі статистикалық жүйелерді қолдану арқылы деректердің егжей-тегжейлі компоненттерін тарату, өзара байланысқан көрсеткіштерді сәйкестендіру, тоғыспалы тексерістер жүргізу және деректерді растау мүмкіндіктері |
Ұлттық Банк халықаралық инвестициялық позицияны деректердің егжей-тегжейі түрлі деңгейде ашылған презентацияларда таратады: Халықаралық инвестициялық позиция көрсеткіштері төлем балансы, халықаралық резервтер, сыртқы борыш статитикасы, ұлттық шоттар жүйесінің деректерімен өзара байланысқан: Халықаралық инвестициялық позиция деректері ҚРҰБ «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» ресми басылымында жарияланады (тоқсан сайын). |
Тарату форматтары:
Тоқсандық баспасөз басылымы:
Қазақ және орыс тілінде ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы
Электрондық:
ҚҰБ-нің интернет-ресурсы: http://www.nationalbank.kz