Ұлттық Банктің макроэкономикалық пiкiртерiмі

Ұлттық Банк 2022 жылғы тамызда макроэкономикалық пікіртерімді жариялауға кірісті.

Макроэкономикалық пікіртерімді жүргізу Ұлттық Банктің нарықтағы кәсіби қатысушылармен коммуникацияларын жақсартуға бағытталған. Сарапшылар қауымдастығымен диалог орнату реттеуші мен нарық арасындағы ақпараттық асимметрияны азайтуға бағытталып отыр.

Пікіртерімге Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын ұйымдар қатысады. Респонденттер қатарына нарықтағы кәсіби қатысушылар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер кіреді. Келешекте тізім кеңейтілуі мүмкін.

Макроэкономикалық пікіртерімде Ұлттық Банктің болжамдары қамтылмайды. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы жағдайдың келешек дамуына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікіріне, бағалаулары мен күтулеріне шолу жасалған.

Пікіртерімді базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер алдында жылына кемінде 4 рет тұрақты түрде жүргізу жоспарлануда.

Пікіртерім нәтижелері: 2023 жылғы мамыр
(жақшада 2023 жылғы наурыздағы пікіртерім нәтижелері көрсетілген)

Көрсеткіш

2022
(факт/ бағалау)

2023

2024

2025

Brent маркалы мұнай бағасы
баррель үшін АҚШ доллары
жылына орта есеппен

99,1

82,4

(83,1)

78,7

(80,0)

73,0

(80,0)

ЖІӨ
%, ж/ж

3,3*

4,0

(3,7)

4,0

(4,0)

4,0

(4,0)

ТБИ
%, желтоқсан өткен жылғы желтоқсанға

20,3

11,8

(12,2)

8,4

(8,8)

7,2

(7,2)

Базалық мөлшерлеме
жылдық %, жылына орта есеппен

13,9

16,2

(15,7)

13,0

(11,7)

9,5

(9,0)

Тауарлар мен қызметтер экспорты
жылына млрд АҚШ доллары

94,1

85,3

(89,3)

86,4

(93,0)

90,7

(90,7)

Тауарлар мен қызметтер импорты
жылына млрд АҚШ доллары

59,2

59,6

(59,5)

61,0

(60,7)

61,4

(60,0)

USD/KZT курсы
жылына орта есеппен

460,5

462,3

(472,0)

487,8

(496,0)

510,0

(516,0) 

Бейтарап базалық мөлшерлеме*
жылдық %

9,0

(8,5)

ЖІӨ-нің ұзақ мерзімді өсуі**
%, ж/ж

4,0

(3,9)

* ҚР СЖжРА ҰСБ алдын ала бағалауы
**Ақша-кредит саясаты ұзақ мерзімді кезеңде инфляцияны және инфляциялық күтулерді мақсатта және ЖІӨ-ді әлеуетті деңгейде ұстап тұратын базалық мөлшерлеме деңгейі

***Алдағы 5 жылда күтілетін әлеуетті ЖІӨ-нің орташа өсу қарқыны

Макроэкономикалық пікітерім мәселелері бойынша macroforecast@nationalbank.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.

637.6 Кб
Жарияланған күні:
13.92 Кб
Жарияланған күні:
571.89 Кб
Жарияланған күні:
181.67 Кб
Жарияланған күні:
65.85 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға