1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Цифрлық қаржылық қызметтерді дамыту мәселелері бойынша Электр байланысының Халықаралық Одағының өңірлік форумы (Астана қаласы, 2017 жылғы 5 шілде).

Өңірлік форумның негізгі мақсаты цифрлық қаржы технологияларын дамыту саласындағы, қаржы секторында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады. Іс-шараға қатысушылардың алдында өзінің сәлемдесу сөзін жолдаған Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ғ.Пірматов саланың жаһандануы мен цифрлануына байланысты банк сервистерінің трансформациясы кезеңінде Өңірлік форумның аса маңызды екендігін атап өтті.

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматов: «Біздің күнделікті өмірімізде цифрлық қызметтердің рөлі мен мән-маңызы жыл санап арта беретіндігіне ешқандай шек келтірмеу керек. Қашықтан басқарылатын мобильдік сервистер, финтех компаниялардың өсуі, блокчейнді қоса алғанда жаңа технологиялар, киберқауіпсіздік сияқты мәселелер қазіргі таңда аса өзекті болып табылады. 

Өңірлік форум аясында цифрлық технологиялардың қаржы саласына, қауіпсіздік мәселелеріне ықпалы, реттеушінің алдында тұрған міндеттер мен басқа да маңызды тақырыптар талқыланды» , – деп атап өтті.

 

Жоғарыға