1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2019 жылғы 29 қараша – 6 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 29 қараша – 6 желтоқсан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ-тың еңбек нарығы 266 мың жұмыс орындарын қосты, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі 50 жыл ішінде ең төменгі көрсеткішке дейін 3,5%-ға төмендеді. ҚХР Қаржы министрі мемлекет АҚШ-тан әкелінетін тауарлар импортына баждарды жеңілдететінін мәлімдеді –бірқатар ауыл шаруашылық тауарлары шектеуден шығарылатын болады. АҚШ Президенті Аргентина мен Бразилиядан болат пен алюминийдің импортына баждардың қолданысын аталған елдер ұлттық валютаны құнсыздандыру саясатын жүргізуіне байланысты қайта жаңартатыны жөнінде мәлімдеді. АҚШ-тың өндірістік секторындағы іскери белсенділік индексі АҚШ-та қарашада 48,1 белгіге дейін (қазандағы 48,3 салыстырғанда) төмендеді.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Бразилия реалы 2019 жылғы 3-тоқсанда ІЖӨ-нің өсуі туралы оң деректердің, АҚШ пен ҚХР арасында таяуда мәмілеге қол қою бойынша инвесторлардың нық сеніміне байланысты тәуекел-сентиментінің жаһандық жақсаруы аясында 2,4%-ға (4,24-ден 4,14-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы инвесторлардың тәуекел-дәрежесінің өсуі, сондай-ақ USMCAнің АҚШ-пен сауда-саттық мәмілесінің біраз алға басуы туралы хабарлардың аясында 1,1%-ға (19,53-тен 19,31-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі ОПЕК+ елдерінің 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді қысқартуға әзірлігі туралы мәлімдемесіне байланысты мұнай бағасының өсуі аясында 1%-ға (64,34-тен 63,67-ге дейін) нығайды;
  • Үнді рупиясы орталық банктің ақша-кредит саясатында үзіліс қажеттілігі туралы белгі беріп, негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешімінің аясында 0,7%-ға (71,74-тен 71,21-ге дейін) нығайды; 
  • Индонезия рупиясы АҚШ пен ҚХР арасында сауда-саттық келіссөздердің барысы туралы хабарлардың, Қытайдың АҚШ-қа қатысты баждарды жеңілдетуі туралы шешімінің аясында 0,5%-ға (14 108-ден 14 038-ге дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды 2019 жылғы 3-тоқсанда ағымдағы шот дефициті туралы деректердің талдаушылардың күтулерінен төмен болуына қарамастан, АҚШ пен ҚХР арасында ықтимал сауда-саттық мәміленің төңірегіндегі нық сенімнің аясында 0,3%-ға (14,67-ден 14,62-ге дейін) нығайды;
  • Түрік лирасы Д.Трамптың Түркиянің РФ-ден С-400 жүйесін сатып алуы себебінен Түркияға қарсы санкциялар енгізу мүмкіндігі туралы мәлімдемесінің аясында 0,5%-ға (5,75- тен 5,78-ге дейін) әлсіреді, бұл ретте жылдық инфляция қазанда 8,6%-дан 10,6%-ға дейін нығайды.

Жоғарыға