1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюта нарығы туралы ақпараттық хабарлама

30 шілдедегі сауда-саттық барысында теңге бағамы АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетіп, ай басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға әлсіреді.

Валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық интервенциялар жүргізуге кірісті.

Негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы болып қалуда: мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан тұрақты түрде асып тұр, АҚШ долларының жаһандық әлсіреу үрдісі сақталуда. Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді.

Ұлттық Банк биржалық және биржадан тыс валюта нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының тұрақсыздандырушы ауытқуларына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын.

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты жариялап отырады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

553.43 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға