1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларларын сатып алуы туралы

2024 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) сұраныстан тыс қалған ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларларын кейін шетелге шығару үшін екінші деңгейлі банктерден (бұдан әрі – ЕДБ) сатып алу туралы шешім қабылдады. Шетелдік контрсеріктестердің нарықтық бағамы негізінде комиссиялық сыйақы белгіленді. Өткен жылдың соңында ҚҰБ 48 млн АҚШ доллары сомасына ЕДБ-дан қабылданған сұраныста жоқ қолма-қол АҚШ долларларын шығарды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ҚҰБ тікелей АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесімен ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларларын қабылдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл өз кезегінде тасымалдау, сақтандыру секілді басқа да потенциалды шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша аталған операциялар бойынша комиссиялық сыйақы 0,3%-ға дейін төмендетілді.

Сұраныста жоқ жиналып қалған қолма-қол АҚШ долларларының мәселесін шешу үшін ҚҰБ бұл операцияларды ЕДБ-ның тиісті сұрау салуына сәйкес уақытша шара түрінде жүргізеді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға