1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2024 жылғы 23 сәуірдегі ҚРҰБ Басқармасының отырысы туралы 

Осы жылғы 23 сәуірде Ұлттық Банк Басқармасының кезекті отырысы өтіп, Ұлттық Банктің жылдық есебі қаралды. Онда «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС әзірлеген 2023 жылға арналған Ұлттық Банктің жылдық шоғырландырылған қаржылық есебі бойынша аудиторлық қорытынды назарға алынды.  

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық Заңға және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің 2023 жылға арналған жылдық есебі Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының бекітуіне ұсынылады.

Сонымен қатар Ұлттық Банк Басқармасы 2024, 2025 жылдарға арналған Ұлттық Банктің қаржылық есебіне аудит жүргізуге, баламалы құралдарды қайта бағалау кезеңділігін және баламалы құралдардың әділ құны туралы ақпарат көздерін, Ұлттық Банктің қызметін пайдаланатын заңды тұлғалардың санаттық тізбесін қарастыратын Ұлттық Банктің Есеп саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты қаулылар қабылдады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға