Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қаржылық тұрақтылық кеңесі 2024 жылы AQR өткізу үшін банктердің тізімін мақұлдады

Ұлттық Банкте ҚҰБ Төрағасы Тимур Сүлейменовтің басшылығымен Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылары қатысты.

Отырыста Кеңес мүшелеріне шетелдік банктердің өз филиалдары мен еншілес банктерін ашу жөніндегі талаптарды либерализациялауға қатысты ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, 2024 жылы банк секторы активтерінің сапасына тұрақты бағалау (бұдан әрі – AQR) және қадағалаушы стресс-тестілеу (бұдан әрі – ҚСТ) жүргізу үшін Агенттік ұсынған банктер тізбесі Кеңес мүшелерімен мақұлданды.

AQR нәтижелері Supervisory Review and Evaluation Process (SREP) әдіснамасы бойынша жыл сайынғы қадағалау процесінің нәтижелерімен бірге капиталға жеке үстемелердің мөлшерін анықтау кезінде ескеріледі. Өз кезегінде, ҚСТ нәтижелері әр банк үшін капиталға буфер мөлшерін белгілеу мақсатында қолданылады.

2024 жылы қаржылық тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз ету және банк секторына деген сенімді арттыру мақсатында Кеңес 11 ірі банкте тұрақты AQR мен ҚСТ периметрін өзгертпей сақтау туралы шешімді мақұлдады. Осы жылдың үшінші тоқсан соңында нәтижелерді ала отырып, AQR бойынша жұмыстардың белсенді кезеңін наурыз айында бастау ұсынылады.

Кеңес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектесу үшін қаржы секторындағы өзекті мәселелерді талқылау бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері келесі телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға