Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 1,33 трлн теңге жүргізілді

2023 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйелері (бұдан әрі – ХААЖ) арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 1,33 трлн теңге болды. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 26%-ға төмен (төмендеу, көбіне, алынған аударымдардың көлеміне қарай белгіленеді). ХААЖ банктік шот ашпай, аударым жүргізу үшін қолданылады. Негізінен, бұл аударымдар жеке тұлғалар арасындағы өтеусіз аударымдар сипатында болады. 

Операциялардың 95% көлеміндегі елеулі үлесі – Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі.

ХААЖ арқылы жүргізілген жиынтық түріндегі ақшалар көлемінің 72%-ын шетелге жіберілген аударымдар құрады. Олардың жалпы сомасы 2023 жылы 961,4 млрд теңгеге жетті. Бұл аударымдардың шамамен 80%-ы «Золотая Корона» жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Қазақстаннан шетелге жүргізілген бір аударымның орташа сомасы – 372,2 мың теңге. Осы ХААЖ арқылы жүзеге асырылған аударымдарды алушы негізгі елдер: Өзбекстан (27,5%), Ресей (25,1%), Түркия (23,1%), Грузия (9,6%) және Қырғызстан (3,4%).

Жиынтық көлемнің 23%-ы шетелден алынған ақша аударымдарынан тұрады. Олардың көлемі осы кезеңде 305,8 млрд теңгеге жетті. Бұл операциялардың едәуір бөлігі «Золотая Корона» мен «Вестерн Юнион» төлем жүйелеріне тиесілі. Шетелден Қазақстанға жүргізілген бір аударымның орташа сомасы 282,3 мың теңге болды. Бұл аударымдарды жөнелтуші негізгі елдер: Ресей (35,3%), АҚШ (11,0%), Өзбекстан (11,0%), Оңтүстік Корея (10,7%) және Түркия (6,4%).

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға