1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы  

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесте жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін білдіру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарлайды.

Аккредиттеу үшін өтінім беруші мына құжаттарды ұсынады:

1) Қағидаларға қоса берілген 2 қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiм;

2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркеуден (қайта тіркелгенін) өткенін растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерi;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және (немесе) ұйым мүшелерінің тізімі.

Аккредиттеуге қажет құжаттар пакеті 2024 жылғы 11 наурызға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде hq@nationalbank.kz поштасы арқылы қабылданады. 

Жоғарыға