Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ экономикалық шолуы: ҚР-дағы шетелдік инвестицияларды талдау, реттеушінің машиналық оқыту мен жасанды интеллектті қолдануы 

Ұлттық Банк «ҚР Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының жаңа шығарылымын жариялады.

Шығарылымға монетарлық реттеушінің машиналық оқыту мен жасанды интеллектті қолдануы, елді инвестициялық тұрғыдан тартымды ете түсудің халықаралық тәжірибесін талдау, сондай-ақ Аnalysis of Trends in Learning and Development in International Organizations зерттеуі бойынша шолу мақалалар енді.

ҚҰБ сарапшылары көптеген машиналық оқыту әдісінің негізгі модельдерін және олардың жұмыс алгоритмін, сондай-ақ Ұлттық Банктің машиналық оқыту әдістерін қолданудағы алғашқы қадамдарын, жасанды интеллект құралдарын пайдаланудағы туындауы мүмкін сын-қатерді талдаған жұмыстарын жариялады.

Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, машиналық оқыту әдістері ҚҰБ-та инфляцияны болжау, тұтыну кредиттерінің өсу тәуекелдерін талдау, сондай-ақ цифрлық теңге сценарийінде және ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жобаларында қолданылады.

Қазір қаржы нарығына қатысушылар үшін барлық өңделетін деректі жинау, сақтау және өңдеу тетіктерін іске қосуда машиналық оқыту әдістерін қолдану жоспарланып отыр. Бұл – транзакция дерегіне негізделген шешім қабылдау үшін сараптамалық қызметтерді қолдануға негізделеді. Талдау құралдарын техникалық тұрғыдан іске асыру аясында транзакциялық белсенділіктегі тығыз байланыстарды анықтау үшін машиналық оқыту әдістерін пайдалану да жоспарда бар.

Сарапшылар орталық банктер мен басқа елдердің реттеуші органдары болжам мен талдау жасауда машиналық оқыту әдістерін қалай қолданатынын талдады.

Сондай-ақ, шолуда шетелдік инвестициялардың деңгейіне әсер ететін халықаралық зерттеулер мен факторларға шолу, тікелей шетел инвестициялары бойынша ҚР сыртқы секторының статистикасы және ҚР-да шетел инвестицияларын дамыту және ілгерілетуге байланысты шаралар сипаттамасы ұсынылды.

Экономикалық шолуды Ұлттық Банктің интернет-ресурсынан оқи аласыздар: https://www.nationalbank.kz/kz/news/ekonomicheskoe-obozrenie/rubrics/2003.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

560.46 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға