Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2024 жылдың қаңтар айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚРҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

Қаңтар айында іскерлік белсенділік индексі 49,7 белгісіне дейін көтерілді.

Қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің жақсара түсуі индекстің динамикасына әсер етті. Мұнда индекс өсу аймағына өтіп, 50,6 (2023 жылғы желтоқсанда – 48,1) құрады. Өндірісте де көрсеткіш 50,5-ке дейін (2023 жылғы желтоқсандағы 51,7-ден) төмендегеніне қарамастан, оң аймақта болды.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен құрылыста іскерлік белсенділік төмендеді. Мұнда индекстер тиісінше 45,7 және 46,8 болды (2023 жылғы желтоқсанда – тиісінше 49,8 және 46,6). Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі тауар-материалдық қорлардың көлемінен басқа, барлық құрауыштар бұл секторларда нашарлады.

Қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды бағалау көрсеткіші айтарлықтай өзгерген жоқ. Қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 9,1 (2023 жылғы желтоқсанда – 9,2) болды.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға