Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

БЖЗҚ валюталық операцияларына қатысты ақпараттық хабарлама

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін бұдан әрі әртараптандыруға ықпал ететін деңгейін кемінде 30%-да ұстап тұру үшін Ұлттық Банк сенімгерлік басқарушы ретінде биржа алаңындағы сауда-саттықта шетел валютасын сатып алу үрдісін тұрақты түрде жалғастырып келеді.

Үкімет тарапынан шамадан тыс қаражат алу аясында ағымдағы нарықтық конъюнктура мен Ұлттық қордан сату көлемінің ұлғаюы есебінен ішкі валюта нарығында шетел валютасына деген ұсыныстың артуы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне валютаны неғұрлым белсенді сатып алу үшін қолайлы жағдай жасап отыр.

Осыған байланысты БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен шетел валютасын сатып алудың ай сайынғы таргеттелетін көлемін ақпанда 200 млн АҚШ долларынан 400-500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Зейнетақы активтері есебінен валюта сатып алу көлемін ұлғайту салымшылардың мүддесі ескерілген қолайлы нарықтық конъюнктура болған кезде, оның ішінде Ұлттық қордан орташа мәндегі сату көлемдері асып кеткен кезеңде жүзеге асырылады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға