1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

TÚIE мен BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталарының сатуға шығарылатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2024 жылғы 5 ақпаннан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясынан – TÚIE және «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан – BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталарының сатуға шығарылатынын хабарлайды.

Сатуға мына коллекциялық монеталар шығарылады:

- TÚIE монетасы күмістен жасалған. Сынамасы – 925, бетінде диаметрі 1 мм гауһар тасы бар. Монетаның массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана;

Күміс монетаның бейнесі

- МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған TÚIE монетасының массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 10 000 дана;

Рrооf-like сапасымен мельхиордан жасалған монетаның бейнесі 

- МН 25 мельхиор қоспасынан тұратын TÚIE монетасының массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 30 000 дана;

Brilliant uncirculated сапасымен мельхиордан жасалған монетаның бейнесі

- МН 25 мельхиор қоспасынан дйындалған BALQASH ALABUǴASY монетасының массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 20 000 дана.

Монетаның бейнесі

Қосымша айта кетейік, номиналы 5 000 теңгелік TÚIE және номиналы 1000 теңгелік BALQASH ALABUǴASY коллекциялық күміс монеталары сатуға кейін шығарылады. Клиент ол монеталарды кассадан өзі алып кете алады. Бұл монеталардың сатуға қашан шығарылатыны ҚҰБ сайтында қосымша хабарланады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға