Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ-та Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері талқыланды

Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобалармен танысу үшін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Қазақстан Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚҰБ) келді.

Сенат депутаттары ұлттық төлем жүйесі аясында ҚҰБ іске асыратын негізгі бастамалармен танысты. Сонымен қатар, кездесуде Цифрлық теңгені айналымға енгізуге байланысты пилоттық жобаларды, Ореп API платформасын және 2024 жылы ұлттық төлем жүйесінің кей бөлігін қолданысқа енгізуге қатысты жоспарларды іске асыру қорытындылары туралы айтылды.

Сондай-ақ, бір клиенттің әртүрлі банктегі шоттарын бір банк қосымшасына біріктіру қызметі мен цифрлық теңге арқылы операция жүргізу процесі таныстырылды.

Кездесуде ҚҰБ Төрағасы Тимур Сүлейменов халық пен кәсіпкерлердің мүддесіне сай келетін инновациялық және бәсекеге қабілетті қаржы секторын құрудың маңыздылығына тоқталды. Ол ұлттық төлем жүйесін және цифрлық қаржы инфрақұрылымын құру осы бағыттағы маңызды міндет екенін де айтып өтті.

«Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының моделін құру кезінде біз нарық қажеттіліктері мен Қазақстан азаматтарының мүддесін бірінші орынға қоямыз және барлық қатысушыға қолжетімді, бірдей мүмкіндік беретін қағидаттарды негізге аламыз», – деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ, депутаттар антифрод-орталық құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Бұл орталықтың жұмысы Қазақстанның қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы күрес бойынша уақытылы шара қабылдау үшін қаржы ұйымдарының, құқық қорғау органдарының жедел, бірлесе жұмыс істеуін ұйымдастыруға бағытталатын болады.

Сонымен қатар, қос тарап жүзеге асып жатқан бастамалардың уақытылы іске қосылуын және олардың  әлеуметтік-экономикалық әсерін, сондай-ақ сол жобаларды іске асыру үшін заңнамаға енгізілуі керек өзгерістерді талқылады.   

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов елдің қаржы секторының бәсекелестікке деген қабілетін көтеріп, қауіпсіз тәуелсіз төлем кеңістігін дамытудағы Ұлттық Банктің жұмысына ерекше тоқталып, атқарылып жатқан жобалардың маңызы туралы айтып өтті.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға