1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың желтоқсан айындағы ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы деректі жариялады.

2023 жылғы желтоқсанда елде жылдық инфляция баяулап, 9,8%-ды құрады (қарашада – 10,3%). Өңірлер бойынша жылдық инфляция 16 өңірде бәсеңдеді, 2 өңірде жеделдеді және тағы 2 өңірде өзгеріссіз қалды.

Бұл ретте, желтоқсан айында елдегі айлық инфляция 0,8% болды.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Қарағанды, Ақмола және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 8,5%-ға дейін (қарашада – 9,2%) баяулады. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (11,8%) мейілінше тез, ал Түркістан облысында (7,1%) баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 9,1%-ға дейін баяулады (қарашада – 9,9%). Ең жоғары мән Маңғыстау облысында (12,5%), ең төмен мән Ақтөбе облысында (7,5%) тіркелді.

Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 12,4%-ға дейін өсті (қарашада – 12,0%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Түркістан облысында (18,2%) біршама тез, Қызылорда облысында (9,5%) айтарлықтай баяу өсті.

Толығырақ: https://www.nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah/rubrics/1977

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға