1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың желтоқсан айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі 

Желтоқсан айында іскерлік белсенділік индексі 49,0-ден 48,7-ге дейін   төмендеді.

Индекстің динамикасына тау-кен өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің төмендеуі әсер етті. Бұл секторларда барлық құрауыштың төмендегені байқалды. Тиісінше, индекстер 46,8 және 47,8 (қарашада – 47,2 және 48,4) болды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, әсіресе, жаңа тапсырыстар көлемі азайды.

Іскерлік белсенділік өндіріс пен құрылыста жақсарғанын байқап отырмыз. Мұнда көрсеткіштер тиісінше 51,8 (қарашада – 51,4) және 50,2 (қарашада – 50,3) болды. Құрылыс пен өндірісте жеткізілім мерзімінен басқа барлық құрауыштар жақсарды. 

Қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды бағалау көрсеткіші айтарлықтай өзгерген жоқ. Қазіргі және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағалауын білдіретін бизнес-ахуал индексі 7,7 болды (2023 жылғы қарашада – 7,0).

Толығырақ: Қазақстан Іскерлік белсенділік индексі

Жоғарыға