1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазан айында 2800-ден астам алтын құйма сатылды

2023 жылдың қазан айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 102,3 келі 2 881 алтын құйма сатылды.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 5,0 тонна 143 745 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 37 046  дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 32 677 дана (23%), 100 грамдық құйма – 31 144  дана (21%), 20 грамдық құйма – 25 652  дана (18%) және 50 грамдық құйма – 17 226 дана (12%).

2023 жылдың қазан айында алтын құймалардың көп бөлігі мына өңірлерде өткізілді: Алматы (1 465 дана, 51%), Шымкент (504 дана, 17%) және Астана (257 дана, 9%).


Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері алтын құймалардың құнын сол мезетте өтей отырып клиенттен кері сатып ала алады.

Бағдарлама  іске қосылғалы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 686,7 келі 26 385 өлшенген құйманы кері сатып алды. Бұл – жалпы сатылғанның 18%-ы. Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа қайта тапсырусыз сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қораптың өзі сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінен сатып алып, кері өткізуге болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

588.4 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға