1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық валюта қоры Қазақстан Республикасына жасаған миссиясының нәтижелері туралы қорытынды мәлімдеме жариялады

Қарашаның 7-21 аралығында Қазақстан Республикасы ХВҚ миссиясын қабылдады. Сапар соңында елдің бүгінгі қаржы-экономикалық дамуына шолу жасап, негізгі қорытындылар мен ұсыныстардан тұратын Қорытынды мәлімдеме жариялады.

ХВҚ Миссиясының пікірінше, Қазақстан соңғы жылдары орын алған бірқатар шокты елеулі резервтері мен уақытылы қабылдаған монетарлы саясат шаралары арқасында табысты еңсере білді.

ХВҚ сарапшылары экономикалық белсенділік артып, инфляцияның біртіндеп төмендегенін атап өтті және жыл соңына қарай ол 10%-ға дейін төмендеуі мүмкін деген болжамға келді. ХВҚ 2022 жылдың соңынан бері жүргізіліп жатқан зерделі ақша-кредит саясаты мен оған тұспа-тұс келген әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуі баға қысымын едәуір жеңілдетті деп санайды. Қысқамерзімді перспективадағы белгісіздік, жанар-жағармай мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы өсіп, инфляциялық күтулердің жоғары деңгейде сақталып келгенін ескере келе, ХВҚ ақша-кредит саясатын іске асыруда байыптылық ұстанымын сақтауды ұсынып, мерзімінен бұрын босаңсытудың тәуекелдер туғызатынын баса айтты.

ХВҚ Миссиясының өкілдері Ұлттық Банктің тәуелсіздігін нығайту ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруға ықпал ететінін де атап өтті. ХВҚ Ұлттық Банк жүргізетін ақша-кредит саясатының ашықтығын арттыруға, оның ішінде қабылданған шешімдер туралы хабар беруге және инфляция болжамдарын тоқсан сайын жариялауға қатысты жұмысын жалғастыра алғанына оң баға берді. Сонымен қатар, ХВҚ пікірінше, Ұлттық Банктің экономиканы қолдаушы мемлекеттік бағдарламаларға қатысудан бас тартуы да – ақша-кредит саясатына деген сенімділікті арттыратын болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға