1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егемен рейтингін растады

17 қарашада Fitch агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжамы «тұрақты». Fitch рейтингті растаудың басты факторы ретінде сыртқы күйзелістерге төзімділігін дәлелдеген елеулі сыртқы резервтер мен фискалдық тұрақтылықтың сақталуын атады.

Fitch болжамына сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі шамамен 4,8%-ды құрауы мүмкін. Инвестициялардың тұрақты өсуі, сондай-ақ нақты кірістер өскен сайын шаруашылықтардың тұтынуының өсімі 2024 жылы 5,1% және 2025 жылы 5,4% экономикалық өсімге әкеледі деп күтілуде, бұл әлеуетті өсімге қарағанда айтарлықтай жоғары.

Сарапшыларының ақпаратына сәйкес, қазанда инфляция 10,8%-ға дейін төмендеді, азық-түлік инфляциясының біршама әлсірегенін және ақша-кредит саясатының қатаңдатудың әсерін атап өтті. Бұл ретте, инфляцияның төмендеуіне қарамастан, инфляциялық күтулердің жоғары динамикасы сақталып отыр.

Fitch пікірінше, долларландыру деңгейі төмендеді (2022 жылғы 36,7%-бен салыстырғанда 2023 жылдың III тоқсанының аяғында 30% құрады), ал несиелеудің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда баяулады. 2024 жылға жоспар ланған Ұлттық Банктің субсидияланған кредиттеу бағдарламаларынан шығуы ақша-кредит саясатының тәуелсіздігін дәлелдейтін болады.

Fitch 2024–2025 жылдары мемлекеттік шығыстардың өсуінің баяулауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттердің шығыстары мен көлемінің өсуін шектеуге бағытталған жаңа бюджеттік ереже енгізілуіне қарай болжайды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға