1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк жүргізген макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 12 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді.

Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық Банктің болжамдары кірмейтінін атап өткен жөн. Ол ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалдың дамуына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың дербес пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне шолуды білдіреді.

Осы жылдың қараша айында респонденттер 2023 жылға арналған мұнай бағасы бойынша күтулерін жақсартқан. 2024 және 2025 жылдарға болжам өзгеріссіз қалды. Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты бағалау 2023 жылға – 4,4%-дан 4,6%-ға, 2024 жылға – 4,3%-дан 4,5%-ға, 2025 жылға – 4,5%-дан 5,0%-ға дейін, яғни, барлық болжам кезеңдері үшін қайта қарастырылған.

Талдаушылар инфляцияға қатысты 2023 жылға арналған болжамын – 11,5%-дан 10,0%-ға, 2024 жылға – 8,3%-дан 8,0%-ға дейін жақсартты. 2025 жылға арналған болжам 7% деңгейінде сақталады. 2023 және 2025 жылдардағы базалық мөлшерлеме бойынша күтулер өзгеріссіз және жылдағы орта есеппен, сәйкесінше, 16,5% және 10% мөлшерінде қалыптасып отыр. 2024 жылы талдаушылар базалық мөлшерлеменің 12,3%-дан 12,0%-ға дейін төмендеуін күтеді.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/macrosurvey

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға