1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«2011 жылғы үлгідегі және 2023 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноталарды ауыстыру және олардың қатар айналыс кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарма қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) «2011 жылғы үлгідегі және 2023 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноталарды ауыстыру және олардың қатар айналыс кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарма қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.

Жобада 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноталар және 2023 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік жаңа дизайндағы банкноталар үшін бір жылдық қатар айналыс кезеңін белгілей отырып ауыстыру ұсынылады.

Қатар айналыс кезеңінде жаңа және ескі үлгідегі банкноталар заңды төлем құралы болып табылады. Олар төлемдер мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Қатар айналыс кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға 3 жыл ішінде, Ұлттық Банктің филиалдары мерзімсіз айырбастайтын болады.

Жобаның толық мәтінімен: ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14801948 ресми интернет-порталында және ҚРҰБ сайтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға