1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың ІІІ тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың (салалық конъюнктуралық шолу) нәтижелері туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі

Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың нәтижесі ауыл шаруашылығы мен көлікте және қоймада сақтау салаларында дайын өнімге сұраныс артқанын көрсетті. 2023 жылдың IV тоқсанында тау-кен өндіру өнеркәсібінен (біршама баяулау бар) басқа барлық салада сұраныспен байланысты жағдай жақсарады деп күтіледі.

2023 жылдың ІІІ тоқсанында шикізат пен материалдарға және дайын өнімге баға өсімінің баяулауы экономиканың көптеген саласында байқалды. 2023 жылғы 4-тоқсанда барлық салаларда шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны баяулайды деп күтілуде, ал ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау салаларын қоспағанда, дайын өнімнің бағасы өсу қарқыны да баяулайды.

2023 жылғы 3-тоқсанда барлық салаларда өндіріс көлемі төмендегені байқалды. 2023 жылдың IV тоқсанында өңдеу өнеркәсібінде, сауда мен ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі өседі деп күтілуде.

Сауалнамаға барлығы 2,6 мыңнан астам тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймада сақтаушы кәсіпорындар қатысты.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/rezultaty-oprosov-predpriyatiy-v-razreze-otrasley

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға