1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталарының сатуға шығарылғаны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 16 қарашадан бастап ҚҰБ-тың интернет дүкені https://kazcoins.nationalbank.kz арқылы TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталарының сатуға шығарылғанын хабарлайды. Бұл монеталардың айналымға шыққаны туралы ресми баспасөз релизімен ҚҰБ сайтында танысуға болады.

TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталары:

- құрамында тантал металл қоспасы бар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған. Монетаның диаметрі –  50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана, монетаның жалпы массасы – 84,32 грамм;

Номиналы 1000 теңгелік монетаның бейнесі

- алтын жалатылған монетаның күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.  

Номиналы 500 теңгелік монетаның бейнесі

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға