1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі басталды

Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі жұмысын бастады. Іс-шараны Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Мемлекет басшысы қаржы саласының қызметкерлері мен қазақстандықтарды айтулы дата – ұлттық валютаның 30 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов оқып берді.

Конгрестің панельдік сессияларында шетелдің орталық банктері мен қаржы институттарының басшылары, еліміздің мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторындағы өзекті мәселелерді талқыға салады.

Жиынға қатысушылар қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жүргізу, макроэкономикалық тұрақтылық пен фискалдық тәртіп мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ, күн тәртібінде – қаржы нарығын дамыту, қаржы секторының киберорнықтылығы мен қаржы нарығының жаһандық өзгерісіндегі инновацияның рөлі де бар.

Сонымен қатар, Конгресс аясында «Цифрлық теңге» жобасының 1-кезеңі іске қосылады. Ұлттық Банк ұлттық валюта банкнотасының жаңа сериясын таныстырады.

Айта кетейік, Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі онлайн және офлайн форматтарда өтеді. Пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастарды fincongress.kz сайтынан және ҚҰБ-тың ресми YouTube каналы – Қазақстан Ұлттық Банкі – YouTube-тен де көруге болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

 

Жоғарыға