1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың III тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі  

2023 жылдың III тоқсанында нақты секторда экономикалық белсенділіктің қалыпты өсуі жалғасты. Дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны шамалы баяулап, инвестициялық белсенділік өсті.

Кәсіпорындар өнімінің бағасы өсуінің баяулауы жалғасуда, диффузиялық индекс (ДИ) 57,7 құрады (2023 жылғы II тоқсанда – 57,8). Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс та аздап баяулады, ДИ 49,8-ге (51,2) дейін төмендеді.

Жалпы экономика бойынша сатудың орташа рентабельділігі (пайыз, салық және амортизация бойынша шығыс шегерілгенге дейін) 24,0%-ға (24,3%) дейін шамалы төмендеп, бірнеше жыл бойы тұрақты болып қалуда.  

Әдеттегідей, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының жай-күйі бизнесті жүргізудегі негізгі кедергі деп есептейді. Сауалнамадан өткен респонденттердің 27,3%-ы (2023 жылдың ІІ тоқсанында – 26,8%) ІІІ тоқсанда Қазақстанның экономикалық жағдайы нашарлады, ал 67,4%-ы өзгерген жоқ деп есептейді.

Басқа кедергілер: бәсекелестік (29,5%), салық деңгейі (26,7%), білікті кадрдың жетіспеуі (25,3%), сатып алушыларды іздестіру (23,6%), лицензиялар мен рұқсаттарды алудағы қиындықтар (15,7%), дебиторлық берешекті қайтарудың күрделілігі (14,4%) болуда. Маңыздылығы бойынша қаржыландыруға қолжетімділік 7-орында (12,5%) тұр.    

Нақты сектор кәсіпорындарының сауалнамасын біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) жақсарып, 100,7 құрады. Бұл толығымен бақылау кезіндегі барынша жоғарғы мән болды. Кәсіпорындардың IV тоқсанға күтулері біршама төмендеп, алдағы кезеңге арналған КОИ көрсеткіші 100,0 құрады.

III тоқсанда сауалнамаға 3373 кәсіпорын қатысты.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/konyunkturnyy-obzor-rezultaty

Жоғарыға