1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресі өтеді  

2023 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресі өтеді. Іс-шараны Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Қаржыгерлер Конгресінің панельдік сессияларында шетелдік орталық банктер мен қаржы институттарының басшылары, қазақстандық мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылайды.

Атап айтқанда, осы жылы қатысушылар қазіргі жағдайдағы ақша-кредит саясаты, макроэкономикалық тұрақтылық пен фискалдық тәртіп мәселелерін, сондай-ақ қаржы секторының кибер тұрақтылығы мен жаһандық өзгеріске ұшыраған қаржы нарығындағы инновациялардың рөлі тақырыптарын қарастырады. 

Айта кетейік, Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресі онлайн және офлайн форматта өтеді. Пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастардың онлайн-трансляциясы fincongress.kz сайтында және Қазақстан Ұлттық Банкі – YouTube аталатын ҚҰБ-тың ресми YouTube-арнасында ұйымдастырылады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға