1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың қазан айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі  

Қазанда іскерлік белсенділік индексі 49,6-ге дейін біршама жақсарды. Бірақ көрсеткіш әлі теріс аймақта тұр.

Іскерлік белсенділік өндірісте жақсарғаны байқалады. Онда 51,6 көрсеткішпен (қыркүйекте – 49,5) оң аймаққа өтті. Құрылыста іскерлік белсенділік индексі өзгеріссіз. Көрсеткіш алдыңғы айдағыдай 48,5 күйінде қалды. Қызмет көрсету және тау-кен өндіру секторында да индекс теріс аймақта тұр. Әсіресе, қызмет көрсетуде 49,5-ке дейін (қыркүйектегі 49,1-ден) біршама ұлғайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жеткізу мерзімі ұзарып, жұмыспен қамту деңгейі төмендегендіктен 48,7-ден 48,0-ге дейін түсті.

Ағымдағы бизнес жағдайларды бағалауда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Алайда, болашақ бизнес жағдайға қатысты оптимизм жақсара түсті. Сөйтіп, ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 11,2 болды (2023 жылғы қыркүйекте – 9,5). Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды. Себебі бизнес жүргізудің ағымдағы және болашақ жағдайларын бағалау оң қалпында қалып отыр.      

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға