1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың қыркүйек айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

Қыркүйекте іскерлік белсенділік көрсеткіші 49,0 болып, төмендегенін көрсетті. Осылайша, индекс теріс аймаққа өтті.

Индекс барлық секторда да теріс аймақта тұр. Едәуір төмендегені құрылыс индексі болды. Онда көрсеткіш 49,9-дан 48,5-ке дейін түсті. Өндірісте индекс  49,4  (тамызда – 49,7) болса, қызмет көрсетуде – 49,1 (49,9), ал тау-кен өнеркәсібінде индекс – 48,6 (49,5). Жеткізілімдегі мерзімдер тау-кен өнеркәсібінен басқа барлық сектордағы іскерлік белсенділікті тежейтін фактор болып қалып отыр. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі мен жұмыспен қамту деңгейінің төмендегені байқалды.

Ағымдағы бизнес жағдайды бағалау көрсеткіші жақсарды. Бірақ келешек бизнес-жағдайға деген оптимизм төмендеді. Осылайша, ағымдағы және болашақтағы бизнес-жағдайдың орташа бағасын білдіретін бизнес-климат индексі 9,4 (2023 жылғы тамызда – 10,9) құрады. Бизнес жүргізудің ағымдағы және болашақ жағдайын бағалау оң қалпында қалғандықтан, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti

Жоғарыға