1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Тозған банкноталар мен зақымдалған монеталарды айырбастау ережелері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) тозған банкноталар мен зақымдалған монеталар заңды төлем құралы болып қала беретінін ескертеді. Оларды екінші деңгейлі барлық банкте (бұдан әрі – ЕДБ), ҚҰБ филиалдарында және ұлттық пошта операторы «Қазпошта» АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады.

Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері ҚҰБ филиалдарында тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды. Дегенмен, екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, қызметтің бұл түріне комиссия ұстауға құқылы екенін ескертеміз.

Қосымша хабарлай кетейік, ҚҰБ филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректерін ресми сайтта «Аумақтық филиалдар» бөлімінен табуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға