1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк жүргізген макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қоғамдастығы арасында жүргізілген макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.

Сауалнамаға Қазақстан аумағында макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірді.

Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары қамтылмағанын атап өткен маңызды. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалдың даму барысына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне шолу жасалған.

Осы жылдың қыркүйек айында респонденттер болжамның барлық кезеңінде мұнай бағасынан тұратын сценарий шарттарын өсу жағына қарай қайта қарастырды. 2023-2024 жж. Қазақстан экономикасының өсіміне жасалған болжамдар алдыңғы мәндерде (сәйкесінше 4,4% және 4,3%) сақталды, ал 2025 жылға болжам 4,4%-дан 4,5%-ға дейін біршама өсті.

Талдаушылар 2023 жылға арналған инфляция болжамын 12%-дан 11,5%-ға дейін,  2024 жылға – 8,5%-дан 8,3%-ға дейін жақсартты. 2025 жылға болжам 7% деңгейінде сақталды. Сарапшылардың осы жылға инфляциялық күтулері әртүрлі бағытта қалыптасты. Биылғы тамызда нақты инфляцияның 13,1% деңгейінде қалыптасуына қарамастан, сарапшылар жыл аяғында ол 8,3% бен 15% аралығында болады деп болжайды. Осылайша, бюджеттік шығыстардың өсуі мен ішкі тұрақты сұранысқа байланысты кейбір респонденттердің инфляциялық күтулері жоғары деңгейде қалды.

2023 және 2025 жж. базалық мөлшерлеме бойынша күтулер жылына орта есеппен сәйкесінше 16,5% және 10% деңгейінде өзгеріссіз қалды. Сарапшылар 2024 жылы базалық мөлшерлемені жоғарырақ деңгейде күтеді – болжам 12%-дан 12,3%-ға дейін көтерілді.    

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/macrosurvey

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

 

Жоғарыға