1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қытай Халық банкі Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі шағын комитеттің отырысын өткізді

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Қытай Халық банкі Төрағасының орынбасары Сюань Чаннэн бастаған Қытай Халық банкі өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық комитеті жанындағы бейінді шағын комитеттің 12-отырысына қатысты.

Отырысқа сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан қор биржасының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысты. Қытай делегациясының құрамында Қытайдың бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі комиссиясы мен Қытай валюталық сауда орталығы болды. Сонымен қатар екі елдің екінші деңгейлі банктерінің, қаржы ұйымдарының және мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында тараптар ұлттық валютадағы өзара есеп айырысудың оң динамикасын талқылап, «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ-ның Қазақстан аумағында өзара сауда және инвестициялық қызмет аясындағы юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк ретінде атқаратын қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпаратты тыңдады.

Отырысқа қатысушылар екі елде төлем инфрақұрылымын, қаржы нарықтарын, сондай-ақ сауда және жобалық қаржыландыруды дамыту саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:

Жоғарыға