1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Тамыз айында 3 000-нан астам алтын құйма сатылды

2023 жылдың тамыз айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 137,2 келі 3 072 алтын құйма сатылды.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама іске қосылғалы жалпы салмағы 4,8 тонна 138 255 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 35 842 дана (26%). Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 31 325 дана (23%), 100 грамдық құйма – 29 381 дана (21%), 20 грамдық құйма – 25 050 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 16 657 дана (12%). 2023 жылғы тамызда алтын құймалар ең көп көлемде мына өңірлерде өткізілді: Алматыда (1 527 дана, 55%), Шымкентте (693 дана, 25%) және Астанада (221 дана, 8%).

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол мезетте төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама іске қосылғалы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 644 келі 24 500 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 18%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапта шығарылады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банк-тен, Jusan Bank-тен, ЦентрКредит Банкінен және банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінен сатып алып, кері сатуға болады.


БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz

Жоғарыға